Тоқаев пен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян мектеп-лицейіне барды

© Photo : Официальный сайт президента КазахстанаҚазақстан президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды
Қазақстан президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Оқушылар Қазақстан президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагеріне мектеп музейін таныстырды
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Қазақстан президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагері шейх Халиф бен Заид Әл Нахаян атындағы №84 мектеп-лицейге барды, деп хабарлады Ақорда.
Мәртебелі меймандарға қазіргі кезде оқу ошағында 2800 бала білім алып, 159 педагог еңбек ететіні жөнінде ақпарат берілді.
Биылғы оқу жылында "Цифрлы мектеп" жобасы дайындалып, жаратылыстану және математика пәндері 7 бағытта, атап айтқанда, IT STEM, FAB LAB, роботты техника, қолданбалы математика, биоинженерия, математикалық модельдеу, биохимия салаларына бөліп оқытылды.
"Қасым-Жомарт Тоқаев пен шейх Халед бен Мұхаммед бен Заид Әл Нахаян араб тілі кабинетін көрді. Мектеп оқушылары араб тілі мен әдебиетін меңгеруде жеткен жетістіктерін танытты", - деп жазылған хабарламада.
Оқушылар Қазақстан президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагеріне мектеп музейін таныстырды. Онда екі елдің ынтымақтастығы мен достығына арналған көрме ұйымдастырылған. Экспозицияға ежелгі дәуірден бүгінге дейінгі араб әлемі жөнінде сыр шертетін кітаптар, ұлттық киім үлгілері мен тарихи жәдігерлер қойылған.
Церемония обмена подписанными двусторонними документами - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Қазақстан президенті мен Абу Дабидің тақ мұрагері қандай құжаттарға қол қойды
Жаңалықтар
0