Жетісу облысында биыл 42 елді мекенге газ тартылады

© Photo : Энергетика министрлігіЖетісу облысында елді-мекендерді газдандыру жүріп жатыр
Жетісу облысында елді-мекендерді газдандыру жүріп жатыр - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Жазылу
Қазіргі таңда 84 ауылға инфрақұрылым тартылды
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. 2030 жылға дейінгі "Жетісу облысын кешенді газдандыру" өңірлік схемасы аясында аймақтағы 358 елді мекеннің 192-сіне табиғи отын жеткізу көзделіп отыр, деп хабарлайды Энергетика министрлігі.
Қазіргі таңда 84 ауылға инфрақұрылым тартылып, бұл жалпы жоспардың 58,2%-ын құрап отыр. Нәтижесінде 400 мыңнан астам адам өмір сапасын жақсартуға мүмкіндік алды.

"Президент тапсырмасына сәйкес, 2025 жылы тағы 42 елді мекенге көгілдір отын беріледі деп жоспарланған. Осы мақсатта республикалық және жергілікті бюджетен жалпы сомасы 7,9 млрд теңге бөлінді, оның ішінде 21 жоба – 2024 жылдан өтпелі. Қоғалы ауылынан басқа барлық нысанда жұмыстар аяқталды. Бұл елді мекенде 80 шақырым газ құбырының 35 шақырымы тартылды" - делінген хабарламада.

24 жаңа жоба бойынша 3,5 млрд теңге игерілді, алдағы уақытта тағы 18 жобаның құрылысы басталмақ. Бұл жұмыстардың жалпы құны – 15,9 млрд теңге. Аталған жобаларды аяқтау үшін энергетика министрлігі қосымша 25,6 млрд теңгеге бюджет өтінімін жолдаған.
"Атқарылып жатқан шаралардың нәтижесінде Жетісу облысында көгілдір отынға қосылатын елді мекендердің саны 126-ға жетіп, қамту деңгейі 71,4%-ды құрайтын болады. Бұл – 500 мыңнан астам тұрғынның тұрмыстық жағдайын жақсарту деген сөз. Сонымен қатар қазіргі схемаға енбеген тағы 22 ауыл бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірленіп жатыр", - дейді министрлік.
Айта кетері, 2022–2024 жылдар аралығында республика көлемінде 371,1 млрд теңге бөлініп, 14 мың шақырымнан астам газ құбыры тартылды. Елдегі газдандыру деңгейі 62,4%-ға жетіп, табиғи отынмен қамтылған халық саны 11 млн-нан 12,6 млн адамға артты.
Рабочая встреча советника президента Магзума Мирзагалиева и министра энергетики Казахстан Ерлана Аккенженова с зампреда правительства РФ Александром Новаком - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.04.2025
Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру мәселесі қаралды
Жаңалықтар
0