https://sputnik.kz/20250411/qazaqstannyn-soltustik-zhane-shygys-aymaqtaryn-gazdandyru-maselesi-qaraldy-52418859.html
Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру мәселесі қаралды
Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру мәселесі қаралды
Sputnik Қазақстан
Қазақстан мен Ресей энергетикалық ресурстар транзиті және стратегиялық серіктестікті талқылады 11.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-11T22:05+0500
2025-04-11T22:05+0500
2025-04-11T22:05+0500
газдандыру
қазақстан
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52416155_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_1aa74b487cbae607bc59b964fd6a990d.jpg
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстан президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев пен Қазақстан энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакпен кездесуінде Қазақстанның мұнай және газ құбырларының транзиттік әлеуетін кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.Сондай-ақ, экономикалық тиімділік пен ұлттық басымдықтарды ескере отырып, Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру нұсқалары қарастырылды.Күн тәртібіне ОПЕК+ аясындағы үйлестіру, электр энергиясы, гидроэнергетика, жаңартылған энергия көздері салаларындағы ынтымақтастық, мұнай-газ жобаларындағы компаниялардың қатысуы және бейбіт атом мен қаржылық-банктік сектордағы бірлескен жұмыс мүмкіндіктері не қатысты жалпы энергетикалық ынтымақтастық мәселелері кірді.Кездесу барысында сондай-ақ, жаңа жылу электростанцияларын салу жобаларын қоса алғанда, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ҚР-ның ұлттық басымдықтары талқыланды.Тараптар стратегиялық серіктестік пен конструктивті ынтымақтастыққа деген ұстанымдарын тағы бір мәрте атап көрсетті. Қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында барлық талқыланған мәселе бойынша белсенді диалогты жалғастыруға келісті.
қазақстан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0b/52416155_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_5d79773a60bb87fef361c063c982be2e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
газдандыру, қазақстан
Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру мәселесі қаралды
Қазақстан мен Ресей энергетикалық ресурстар транзиті және стратегиялық серіктестікті талқылады
АЛМАТЫ, 11 сәуір – Sputnik. Қазақстан президентінің кеңесшісі Мағзұм Мырзағалиев пен Қазақстан энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің Ресей үкіметі төрағасының орынбасары Александр Новакпен кездесуінде Қазақстанның мұнай және газ құбырларының транзиттік әлеуетін кеңейту мәселелері талқыланды, деп хабарлады Энергетика министрлігі.
Сондай-ақ, экономикалық тиімділік пен ұлттық басымдықтарды ескере отырып, Қазақстанның солтүстік және шығыс аймақтарын газдандыру нұсқалары қарастырылды.
Күн тәртібіне ОПЕК+ аясындағы үйлестіру, электр энергиясы, гидроэнергетика, жаңартылған энергия көздері салаларындағы ынтымақтастық, мұнай-газ жобаларындағы компаниялардың қатысуы және бейбіт атом мен қаржылық-банктік сектордағы бірлескен жұмыс мүмкіндіктері не қатысты жалпы энергетикалық ынтымақтастық мәселелері кірді.
Кездесу барысында сондай-ақ, жаңа жылу электростанцияларын салу жобаларын қоса алғанда, энергетикалық инфрақұрылымды жаңғырту бойынша ҚР-ның ұлттық басымдықтары талқыланды.
"Қазақстан үшін өз энергетикалық қауіпсіздігін қамтамасыз ету, жеткізілімнің сенімділігін арттыру және саланы жаңғырту жоспарларын жүзеге асыру – басты басымдық болып табылады. Барлық бірлескен жобалар мен бастамаларды экономикалық тиімділік пен өзара пайда негізінде ұлттық мүдделер аясында қарастырамыз", – деді Ерлан Ақкенженов кездесудің қорытындысында.
Тараптар стратегиялық серіктестік пен конструктивті ынтымақтастыққа деген ұстанымдарын тағы бір мәрте атап көрсетті. Қатысушылар Қазақстан Республикасы мен Ресей Федерациясы арасындағы өзара тиімді ынтымақтастықты нығайту мақсатында барлық талқыланған мәселе бойынша белсенді диалогты жалғастыруға келісті.