https://sputnik.kz/20250513/on-bir-oblysta-qurgaqshylyq-bolady-53488070.html
Он бір облыста құрғақшылық болады
Он бір облыста құрғақшылық болады
Sputnik Қазақстан
Маусым айында айлық орташа ауа температурасы Қазақстанның солтүстігі мен орталығында 17-20 градус, ал батысында 23-25 градус болады 13.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-13T11:17+0500
2025-05-13T11:17+0500
2025-05-13T11:17+0500
экология
https://sputnik.kz/img/07e5/07/07/17542650_0:0:1280:721_1920x0_80_0_0_5093a887bf59790d72cc0683f0691cee.jpg
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев құрғақшылыққа қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Мамыр айы елдің көп бөлігінде ыстық және құрғақ болады. Алайда егін егетін өңірлерде және оңтүстікте жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жақындайды.Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы, яғни елдің солтүстігі мен орталығында 17-20 градус, ал батысында 23-25 градус болады. Ал оңтүстік-батыста және қиыр оңтүстікте максималды температура 45 градусқа дейін көтеріледі.Шілде айында ауа температурасы норма шегінде, жауын-шашын негізінен көпжылдық нормаға сай болады. Ал тамыз және қыркүйек айлары егіннің пісуі және оны жинау жұмыстарына қолайлы болады деп болжанып отыр.
https://sputnik.kz/20250513/ministr-diqandarga-dizel-qansha-tengeden-satylyp-zhatqanyn-aytty-53484869.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/07/17542650_0:0:1280:960_1920x0_80_0_0_e63df277744a779c4b5b766289646f4d.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
экология
Он бір облыста құрғақшылық болады
Маусым айында айлық орташа ауа температурасы Қазақстанның солтүстігі мен орталығында 17-20 градус, ал батысында 23-25 градус болады
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Экология және табиғи ресурстар министрі Ерлан Нысанбаев құрғақшылыққа қатысты болжамды жариялады, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Мамыр айы елдің көп бөлігінде ыстық және құрғақ болады. Алайда егін егетін өңірлерде және оңтүстікте жауын-шашын көлемі климаттық нормаға жақындайды.
"Мамыр айында Қостанай облысының оңтүстігінде, Батыс Қазақстан және Маңғыстау облыстарының оңтүстік-батыс жартысында, Қызылорда облысының солтүстік-батыс бөлігінде, Алматы және Жамбыл облыстарының солтүстігінде, Қарағанды облысының оңтүстігінде, сондай-ақ Ақтөбе, Атырау, Абай және Түркістан облыстарының жекелеген аудандарында құрғақшылық болады деп болжануда", - деді Нысанбаев үкіметтің бүгінгі отырысында.
Маусым айында Қазақстанның басым бөлігінде айлық орташа ауа температурасы, яғни елдің солтүстігі мен орталығында 17-20 градус, ал батысында 23-25 градус болады. Ал оңтүстік-батыста және қиыр оңтүстікте максималды температура 45 градусқа дейін көтеріледі.
"Елдің батысында және солтүстік-шығысында, шығысында және оңтүстігінде жауын-шашын норма шегінде, ал қалған аумақта көбінесе нормадан аз болады", - деп атап өтті министр.
Шілде айында ауа температурасы норма шегінде, жауын-шашын негізінен көпжылдық нормаға сай болады. Ал тамыз және қыркүйек айлары егіннің пісуі және оны жинау жұмыстарына қолайлы болады деп болжанып отыр.