Министр диқандарға дизель қанша теңгеден сатылып жатқанын айтты

© Sputnik / Павел Лисицын / Медиабанкке өтуЗаправка автомобиля дизельным топливом, архивное фото
Заправка автомобиля дизельным топливом, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Жазылу
Шаруалар дизель отынының 1 литріне қосылған құн салығымен бірге 254 теңге төлейді
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов көктемгі егіс жұмыстарына арналған дизель отыны 20 процентке арзан бағамен сатылып жатқанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Ресми мәліметке сәйкес, көктемгі дала жұмыстарына барлығы 400,9 мың тонна дизель отыны қажет.
Министрдің айтуынша, ақпан-сәуір айларында 215 мың тонна немесе дизель отынының жалпы көлемінің 54 проценті жөнелтілді.
"Дизель отынының бағасы 1 литрі үшін қосылған құн салығымен бірге 254 теңге, бұл жанармай құю станциясының бөлшек сауда бағасынан шамамен 20%-ға арзан", - деді Ақкенженов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Министрдің мәліметі бойынша қазіргі кезде жанармай құю станцияларында дизельдің 1 литрі 301-307 теңгеден сатылып жатыр.
"Ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерін дизель отынымен уақтылы қамтамасыз ету үшін жеткізушімен мұнай өнімдерін сатып алу-сату шарты жасалған сәттен бастап 10 жұмыс күні ішінде ақысын жеделдетіп төлеу қажет", -деп түйіндеді Ақкенженов.
Рабочие собирают урожай капусты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Оңтүстікте көкөніс жинау маусымы басталды – министр
Жаңалықтар
0