Оңтүстікте көкөніс жинау маусымы басталды – министр

© Sputnik / Константин Чалабов / Медиабанкке өтуРабочие собирают урожай капусты, иллюстративное фото
Рабочие собирают урожай капусты, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.05.2025
Жазылу
Түркістан облысында 1,2 мың гектар алаңнан 38,3 мың тонна қырыққабат жиналды
АСТАНА, 13 мамыр – Sputnik. Ауыл шаруашылығы министрі Айдарбек Сапаров оңтүстік өңірлерде ерте пісетін көкөністі жинау жұмыстары басталғанын мәлімдеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қазіргі кезде Түркістан облысында 1,2 мың гектар алаңнан 38,3 мың тонна қырыққабат жиналды.
"Жалпы, биыл 580 мың тоннаға жуық ерте пісетін көкөніс жинау жоспарлануда, бұл жаңа егін жинауға дейінгі маусымаралық кезеңде ішкі нарықтың қажеттілігін толық қамтамасыз етуге мүмкіндік береді", - деді Сапаров үкіметтің бүгінгі отырысында.
Осы орайда министр егіс жұмыстарын ерте қаржыландырудың арқасында шаруалар негізгі ресурстарды, яғни тұқым, тыңайтқыш, жанар-жағармай мен ауыл шаруашылығы техникасын қолайлы бағамен алып үлгергенін де жеткізді.
На базарах и в магазинах у дома можно купить только фасованные продукты - Sputnik Қазақстан, 1920, 20.09.2024
Қарақұмық, ірімшік және көкөніс бағасы арзандады
Жаңалықтар
0