Жалақы көлемі қай салада көп өсті

© Sputnik / Абзал КалиевАқша салынған әмиян
Ақша салынған әмиян - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.05.2025
Жазылу
Жалақаның медианалық мәнін есептегенде барлық жұмысшыларды екі тең топқа бөледі
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Ұлттық статистика бюросы Қазақстандағы жалақының орташа көлемін жариялады, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Биыл алғашқы тоқсанның қорытындысы бойынша жалақының медианалық мәні 300 307 теңгені құраса, жалақының орташа көлемі 423 133 теңге болды.
Өткен жылдың дәл осы кезеңімен салыстырғанда орташа айлық жалақының ең жоғары өсімі бірнеше салада тіркелді. Олар:
ақпарат және байланыс – 31,3%;
ауыл, орман және балық шаруашылығы – 17,3%;
өнер, ойын-сауық және демалыс – 16,1% салаларында байқалды.
Айта кетері, жалақаның медианалық мәнін есептегенде барлық жұмысшыларды екі тең топқа бөледі. Сонда жартысы сол сомадан аз, қалғаны одан көптеу алады. Ал ең жоғары және ең төмен жалақылар ескерілмейді.
Ал жалақының орташа мөлшерін шығарғанда әрбір қызметкердің жалақысынан бөлек қосымша ақылары, үстемеақылары, сыйақылары, салықтары мен зейнетақы аударымдары есепке алынады. Сосын қызметкерлердің нақты санына бөлінеді.
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
"15 процент салық төлейді": Қанша адам 3 млн теңгеден артық жалақы алатыны белгілі болды
Жаңалықтар
0