"15 процент салық төлейді": Қанша адам 3 млн теңгеден артық жалақы алатыны белгілі болды

© Sputnik / Абзал Калиев Портмоне с деньгами
 Портмоне с деньгами - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Жазылу
3 млн теңгеден артық алатындардың басым бөлігі қаржы және тау-кен саласында жұмыс істейді
АСТАНА, 9 сәуір – Sputnik. Қаржы вице-министрі Ержан Біржанов табыс салығының жоғары мөлшерлемесін төлейтін адамдардың санын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде үкімет Салық кодексі аясында жеке табыс салығының прогрессивті мөлшерлемесін енгізуді ұсынып отыр. Оған сәйкес, жылдық табысы 8 500 айлық есептік көрсеткіштен (2025 жылы 33 422 000 теңгеден) асатын адамдар үшін 15 проценттік табыс салығы болады. Осылайша, айлықтың көлемі 2,7 млн теңге болса, одан 400 мыңдай ұсталады.
"3 млн теңгеге дейін классикалық мөлшерлеме - 10 процент қолданылады. Ал ай сайынғы табыс 3 млн теңгеден асса, онда 15 процент ұсталады. Бұл дегеніміз, байлар көп төлейді. Бүгінде алдын ала есепке сәйкес, ондай адамдардың саны шамамен 30 мың адамды құрайды", - дейді қаржы вице-министрі Ержан Біржанов.
Қазіргі кезде ай сайын 3 млн теңгеден артық алатындардың басым бөлігі қаржы және тау-кен саласында жұмыс істейді. Мемлекеттік қызметкерлер де бар.
Айта кетері, бүгін мәжіліс депутаттары үкімет ұсынған Салық кодексінің жобасын бірінші оқылымда қабылдады. Екінші оқылымға дейін оған басқа да ұсыныстар енгізілуі мүмкін.
Парламент ғимараты - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.04.2025
Мәжіліс Салық кодексін бірінші оқылымда қабылдады
Жаңалықтар
0