https://sputnik.kz/20250512/zelenskiy-putindi-turkiyada-kutetinin-malimdedi-53452968.html
Зеленский Путинді Түркияда күтетінін мәлімдеді
Зеленский Путинді Түркияда күтетінін мәлімдеді
Sputnik Қазақстан
Кездесу 15 мамырда Ыстанбұлда өтеді деп жоспарланған 12.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-12T08:57+0500
2025-05-12T08:57+0500
2025-05-12T08:57+0500
ресейдің украинадағы арнайы әскери операциясы
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32043911_0:0:3079:1731_1920x0_80_0_0_3ca1ad9db270461161c534867ea198c7.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді бейсенбі күні Түркияда күтетінін мәлімдеді.Путин жексенбі күні ресейлік және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп, Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шартсыз тікелей келіссөзді қайта бастауды ұсынды. Ол бұл келіссөздер барысында атысты тоқтату және нақты бітімге келу туралы келісімге келуге болатынын жоққа шығармады.Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ұсыныс Путиннің жанжалды бейбіт жолмен шешуге деген ұмтылысын білдіретінін атап өтті. Песковтың айтуынша, Украинамен келіссөздің мақсаты – қақтығыстың түпкі себептерін жою және Ресейдің мүддесін қамтамасыз ету.АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Киев билігін Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысына "тез арада" келісім беруге шақырды.
https://sputnik.kz/20250511/putin-ystanbulda-ukrainamen-tikeley-kelissoz-zhurgizudi-usyndy-53438013.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/02/0d/32043911_14:0:2745:2048_1920x0_80_0_0_58fcf8df660b8006f852a809039b1a2b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Зеленский Путинді Түркияда күтетінін мәлімдеді
Кездесу 15 мамырда Ыстанбұлда өтеді деп жоспарланған
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Украина басшысы Владимир Зеленский Ресей президенті Владимир Путинді бейсенбі күні Түркияда күтетінін мәлімдеді.
"Мен Путинді бейсенбі күні Түркияда күтемін", - деп жазды Зеленский X әлеуметтік желісінде.
Путин жексенбі күні ресейлік және шетелдік БАҚ-қа сұхбат беріп, Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда алдын ала шартсыз тікелей келіссөзді қайта бастауды ұсынды. Ол бұл келіссөздер барысында атысты тоқтату және нақты бітімге келу туралы келісімге келуге болатынын жоққа шығармады.
Ресей президентінің баспасөз хатшысы Дмитрий Песков бұл ұсыныс Путиннің жанжалды бейбіт жолмен шешуге деген ұмтылысын білдіретінін атап өтті. Песковтың айтуынша, Украинамен келіссөздің мақсаты – қақтығыстың түпкі себептерін жою және Ресейдің мүддесін қамтамасыз ету.
АҚШ президенті Дональд Трамп жексенбі күні Киев билігін Ресей президенті Владимир Путиннің ұсынысына "тез арада" келісім беруге шақырды.