Ресейліктер - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.02.2022
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы

Путин Ыстанбұлда Украинамен тікелей келіссөз жүргізуді ұсынды

© Sputnik / Кристина Кормилицына / Медиабанкке өтуФорум Союзного государства "Великое наследие - общее будущее"
Форум Союзного государства Великое наследие - общее будущее  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 11 мамыр - Sputnik. Ресей Украинаға 15 мамырда Ыстанбұлда тікелей келіссөздерді қайта бастауды ұсынып отыр, деп мәлімдеді Ресей президенті Владимир Путин.
"Киев билігіне 2022 жылдың соңында олар үзген келіссөздерді қайта бастауды, тікелей келіссөздерді және ешқандай алғышартсыз қайта бастауды ұсынамыз. Дереу, келесі бейсенбіде, 15 мамырда Ыстанбұлда бастауды ұсынамыз", - деді Путин Кремльде БАҚ өкілдерімен өткен кездесуде.
Ол сондай-ақ Түркия президенті Режеп Тайып Ердоғанмен келіссөздерді ұйымдастыру мәселесін 11 мамырда талқылауды жоспарлап отырғанын айтты.
"Біз бұл келіссөздер барысында атысты тоқтату және нақты бітімге келу туралы келісімге келуге болатынын жоққа шығармаймыз", - деді ол.
Форум Союзного государства Великое наследие - общее будущее  - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2025
Ресейдің Украинадағы арнайы әскери операциясы
Путин: Батыстың ескертуге құлақ аспауы Украинадағы оқиғаға әкеп соқтырды
Жаңалықтар
0