https://sputnik.kz/20250512/eaeo-elektrondy-khalyqaralyq-zhukquzhattaryn-paydalanu-boyynsha-pilottyq-zhobaga-kiristi-53474941.html
ЕАЭО электронды халықаралық жүкқұжаттарын пайдалану бойынша пилоттық жобаға кірісті
ЕАЭО электронды халықаралық жүкқұжаттарын пайдалану бойынша пилоттық жобаға кірісті
Sputnik Қазақстан
Жобаны іске қосу үшін ұйымға мүше мемлекеттер e-CMR электрондық халықаралық көлік жүкқұжатының бірыңғай пішімін анықтауы керек 12.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-12T19:16+0500
2025-05-12T19:16+0500
2025-05-12T19:20+0500
еаэо
тасымалдау
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0c/53474781_0:61:1401:849_1920x0_80_0_0_2d8e7ac147f681f10f1d183fb029bd1b.jpg
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Бүгін e-CMR электронды халықаралық көлік жүкқұжаттарын қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлады Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.Отырысқа қатысушылар пилоттық жобаны жүзеге асыруға қатысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселені талқылап, пилоттық жобаны өткізу мерзімі мен тәртібін белгіледі.Жобаны іске қосу үшін ұйымға мүше мемлекеттер e-CMR электрондық халықаралық көлік жүкқұжатының бірыңғай пішімін анықтауы керек. Сонымен қатар, трансшекаралық ақпараттық өзара әрекеттесуде e-CMR ақпаратын тану мәселесін шешуі, электрондық құжат айналымы операторлары мен сенімді үшінші тарап арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін анықтауы қажет.Отырысқа ұйымға мүше мемлекеттердің көлік, цифрландыру, салықтық және кедендік реттеу саласындағы уәкілетті органдарының, салалық бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың, бизнес қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ сенімді үшінші тарап пен электрондық құжат айналымы операторларының өкілдері қатысты.Жұмыс тобының келесі отырысы 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді деп жоспарлануда.
https://sputnik.kz/20250510/qazaqstan-eaeo-ga-kiru-arqyly-qanday-payda-kordi-53431692.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/0c/53474781_94:0:1306:909_1920x0_80_0_0_875883852f8769e56a366a5f2207cc49.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо, тасымалдау
ЕАЭО электронды халықаралық жүкқұжаттарын пайдалану бойынша пилоттық жобаға кірісті
19:16 12.05.2025 (жаңартылды: 19:20 12.05.2025) Жобаны іске қосу үшін ұйымға мүше мемлекеттер e-CMR электрондық халықаралық көлік жүкқұжатының бірыңғай пішімін анықтауы керек
АСТАНА, 12 мамыр - Sputnik. Бүгін e-CMR электронды халықаралық көлік жүкқұжаттарын қолдану бойынша пилоттық жобаны іске асыру жөніндегі жұмыс тобының бірінші отырысы өтті, деп хабарлады
Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
Отырысқа қатысушылар пилоттық жобаны жүзеге асыруға қатысты бірқатар ұйымдастырушылық мәселені талқылап, пилоттық жобаны өткізу мерзімі мен тәртібін белгіледі.
Жобаны іске қосу үшін ұйымға мүше мемлекеттер e-CMR электрондық халықаралық көлік жүкқұжатының бірыңғай пішімін анықтауы керек. Сонымен қатар, трансшекаралық ақпараттық өзара әрекеттесуде e-CMR ақпаратын тану мәселесін шешуі, электрондық құжат айналымы операторлары мен сенімді үшінші тарап арасындағы ақпараттық өзара іс-қимыл тәртібін анықтауы қажет.
"Бірлескен жұмыс нәтижелері халықаралық автомобиль тасымалында заңдық маңызы бар электронды құжат айналымына көшу жылдамдығын ғана емес, сонымен қатар бақылау механизмін енгізу және цифрлық көлік дәліздерінің экожүйесін құру сияқты бірқатар интеграциялық бағыттың толық сәтті іске асырылуын анықтайды", - деді ЕЭК энергетика және инфрақұрылым министрі Арзыбек Қожошев.
Отырысқа ұйымға мүше мемлекеттердің көлік, цифрландыру, салықтық және кедендік реттеу саласындағы уәкілетті органдарының, салалық бірлестіктердің, ғылыми ұйымдардың, бизнес қауымдастықтарының өкілдері, сондай-ақ сенімді үшінші тарап пен электрондық құжат айналымы операторларының өкілдері қатысты.
Жұмыс тобының келесі отырысы 2025 жылдың қыркүйегінде өтеді деп жоспарлануда.