Қазақстан ЕАЭО-ға кіру арқылы қандай пайда көрді
© Sputnik/Ертай СарбасовФлаги ЕАЭС

© Sputnik/Ертай Сарбасов
Жазылу
ЕАЭО елдерінен Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 6 есе артқан
АЛМАТЫ, 10 мамыр – Sputnik. ЕАЭО-ға қатысу инвестиция тартуға, сыртқы сауданың көлемін ұлғайтуға, бірлескен өнеркәсіптік жобаларды іске асыруға, қолданыстағы және жаңа көлік-логистикалық тізбектерді дамытуға мүмкіндік береді, бұл өз кезегінде ел экономикасын жаңғыртуға оң әсерін тигізеді, деп хабарлайды Сауда және интеграция министрлігі.
Осы уақытқа дейін 52 техникалық регламент қабылданып, оның 48-і күшіне енді. Бұл регламенттер ЕАЭО ортақ нарығында айналымда жүрген өнімдердің шамамен 90%-ін қамтиды.
Жалпы алғанда, ЕАЭО - кедендік шекаралары жоқ, халқы 185,5 млн адамнан асатын және жалпы ішкі өнімі 2 триллион АҚШ долларынан асатын ауқымды нарық.
Министрліктің мәліметінше ЕАЭО-ның 10 жылдық қызметі Қазақстанның макроэкономикалық көрсеткіштеріне оң әсерін тигізді.
"2015 жылдан бері Қазақстанның ЕАЭО серіктестерімен өзара сауда көлемі 87,1%-ке артты. Үшінші елдермен сауда өсімі 84,4% болды. Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты жұмыс істеген кезеңде 115,7%-ке өсті", - дейді ведомство.
2024 жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінен Қазақстанға келген тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы көлемі 2015 жылмен салыстырғанда 6 есе артып, 4 млрд АҚШ долларға жеткен.
"Үшінші елдерден тартылған инвестициялар көлемі былтыр 13,1 млрд АҚШ доллар болды. Бұл да Қазақстан ЕАЭО ортақ нарығының бір бөлігі екендігін көрсетеді. Қазақстанның жалпы ішкі өнім де оң динамика көрсетті. 2015 жылмен салыстырғанда былтыр өсім 56,2% болды", - дейді министрлік.
Сондай-ақ ЕАЭО аясында Вьетнаммен, Сербиямен және Иранмен жасалған еркін сауда туралы келісімдер Қазақстан үшін айтарлықтай нәтиже берді:
Вьетнаммен келісім күшіне енген 8 жылда тауар айналымы 55%-ға өсіп, 859,4 млн АҚШ долларына жетті;
Иранмен уақытша келісімнің 5 жылында – 40%-ға өсіп, 340,1 млн АҚШ долларын құрады;
Сербиямен үш жыл ішінде – 35,1%-ға өсіп, 100 млн АҚШ долларына жетті.
Сонымен қатар Сингапурмен еркін сауда аймағы туралы келісімге қол қойылды, ол қазір күшіне ену үшін ішкі мемлекеттік рәсімдерден өтуде.
Қазіргі таңда БАӘ, Моңғолия және Индонезиямен осындай келісімдер бойынша келіссөздер аяқталу сатысында.
Қазақстандық тауарлардың бұл нарықтарға экспортын ұлғайту әлеуеті 1,5 млрд АҚШ долларынан асады.
Қазіргі таңда БАӘ, Моңғолия және Индонезиямен осындай келісімдер бойынша келіссөздер аяқталу сатысында.
Қазақстандық тауарлардың бұл нарықтарға экспортын ұлғайту әлеуеті 1,5 млрд АҚШ долларынан асады.