https://sputnik.kz/20250512/abay-oblysynda-zhas-sheber-malga-ekpe-salatyn-kezde-qoldanylatyn-qurylgy-oylap-tapty-53447798.html
Абай облысында жас шебер малға екпе салатын кезде қолданылатын құрылғы ойлап тапты
Абай облысында жас шебер малға екпе салатын кезде қолданылатын құрылғы ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
Өнертабыс мал дәрігерінің жұмысын жеңілдетті 12.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-12T08:00+0500
2025-05-12T08:00+0500
2025-05-12T08:00+0500
өнертапқыш
абай облысы
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0a/33749103_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_becf827f203e4e07f595cfe99e7f959b.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Абай облысындағы Екпін ауылында жас шебер малға екпе салып, қан алатын кезде қолданылатын құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан 24.kz-ке сілтеме жасап.Ауылдағы ағайын төрт түлігіне уақытылы екпе салдырып, қан тапсырып, күтімін жасамаса, мал басын азайтып алуы әбден мүмкін. Сондайда ірі қараның бас жібін бағанға байлап, ұсақ малды жерге жығып, әбігерге түсіп жатады. Ал Саят Шаймардановтың ойлап тапқан дүниесі ауылдастарының ауыр жұмысын жеңілдетті.Саят 22 жаста. Оның темірге қызығушылығы бала күнінен басталған. Қолы епті, ісмер жігіт дәнекерлеуді де, темір өңдеуді де өзі үйренген. Алдымен үйге қажет құрал-жабдықтарды жасай бастаған. Кейін ауылдастарына да керек бұйымдарды құрастырып беретін болды. Ол астық тасуға арналған тіркеме, су сақтайтын бөшке сияқты пайдалы дүниелерді жасайды. Қазір Саят ізінен ерген інілерін осы кәсіпке баулып жатыр.Саят жаңа идеяны ғаламтордан да алатынын айтады. Көрген-білгенін көңіліне тоқып, қажет кезінде қолдануға тырысады. Оның жасаған тор қорасын ауылдастары жоғары бағалапты. Төрт түлікті ұстауға ыңғайлы бұл қондырғы мал дәрігерлерінің де жұмысын жеңілдетті."Қолынан іс келетін адамға қашанда сұраныс бар", – дейді еңбек адамы. Темірден түйін түйген шебердің ендігі арманы – кәсібін кеңейтіп, жасаған бұйымдарын саудаға шығару.
https://sputnik.kz/20240604/saud-arabiyasynan-shaqyrtu-aldyq-qazaqstandyq-onertapqysh-biokenep-oylap-tapty-44758670.html
абай облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/04/0a/33749103_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_6a6f4c2d309386448aba249a24e22b39.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
өнертапқыш, абай облысы
Абай облысында жас шебер малға екпе салатын кезде қолданылатын құрылғы ойлап тапты
Өнертабыс мал дәрігерінің жұмысын жеңілдетті
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Абай облысындағы Екпін ауылында жас шебер малға екпе салып, қан алатын кезде қолданылатын құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан 24.kz-ке
сілтеме жасап.
Ауылдағы ағайын төрт түлігіне уақытылы екпе салдырып, қан тапсырып, күтімін жасамаса, мал басын азайтып алуы әбден мүмкін. Сондайда ірі қараның бас жібін бағанға байлап, ұсақ малды жерге жығып, әбігерге түсіп жатады. Ал Саят Шаймардановтың ойлап тапқан дүниесі ауылдастарының ауыр жұмысын жеңілдетті.
"Халыққа керек кез келген бұйымды жасаймыз. Қазір малға ем-дом жасауға фиксаторлар жасап жатырмыз. Одан басқа да ауыл шаруашылығы техникаларын жасаймыз. Аша күрек, рулон таситын құрылғы сияқты бұйымдар жасаймыз. Жұмыс істеймін деген адамға екі қолға бір күрек табылады", - дейді ауыл тұрғыны Саят Шаймарданов.
Саят 22 жаста. Оның темірге қызығушылығы бала күнінен басталған. Қолы епті, ісмер жігіт дәнекерлеуді де, темір өңдеуді де өзі үйренген. Алдымен үйге қажет құрал-жабдықтарды жасай бастаған. Кейін ауылдастарына да керек бұйымдарды құрастырып беретін болды. Ол астық тасуға арналған тіркеме, су сақтайтын бөшке сияқты пайдалы дүниелерді жасайды. Қазір Саят ізінен ерген інілерін осы кәсіпке баулып жатыр.
Саят жаңа идеяны ғаламтордан да алатынын айтады. Көрген-білгенін көңіліне тоқып, қажет кезінде қолдануға тырысады. Оның жасаған тор қорасын ауылдастары жоғары бағалапты. Төрт түлікті ұстауға ыңғайлы бұл қондырғы мал дәрігерлерінің де жұмысын жеңілдетті.
"Бұрын әрбір малға жеке-жеке арқан салып, қанша уақытты арнайтын едік. Ал қазір жаппай егілетін, емделетін малдар раксол арқылы ветеринарлық шаралардан өткізіле береді. Өте тиімді деп ойлаймыз", - дейді ауыл ветеринары Нұрлан Рахметжанов.
"Қолынан іс келетін адамға қашанда сұраныс бар", – дейді еңбек адамы. Темірден түйін түйген шебердің ендігі арманы – кәсібін кеңейтіп, жасаған бұйымдарын саудаға шығару.