https://sputnik.kz/20240604/saud-arabiyasynan-shaqyrtu-aldyq-qazaqstandyq-onertapqysh-biokenep-oylap-tapty-44758670.html
"Сауд Арабиясынан шақырту алдық": Қазақстандық өнертапқыш биокенеп ойлап тапты
"Сауд Арабиясынан шақырту алдық": Қазақстандық өнертапқыш биокенеп ойлап тапты
Sputnik Қазақстан
Қазақстандық өнертапқыш ойлап тапқан биокенеп алғаш болып Қонаев жеріне төселді 04.06.2024, Sputnik Қазақстан
2024-06-04T16:46+0500
2024-06-04T16:46+0500
2024-06-04T16:54+0500
видео
өнертапқыш
https://sputnik.kz/img/07e8/06/04/44755895_0:2:960:542_1920x0_80_0_0_7ddd8750e87d440beb5100982883219f.jpg
АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Қонаев қаласында Қазақстан бойынша алғаш рет "Bio kenep" төселіп, жер құнарландырылып жатыр. Тың технологияны ойлап тапқан Аян Темірәлімен Sputnik Қазақстан тілшісі сөйлесті.Biokenep – қоршаған ортаға зияны жоқ, органикалық материал. Ол – ылғалды жақсы сақтайтын көпжылдық шөп тұқымдары, өсу стимуляторлары және органикалық тыңайтқыштар қоспасымен қабат-қабат толтырылған, биологиялық ыдырайтын өсімдік талшығы – қамыстан тұратын көп қабатты илемделген кенеп. Biokenep-ті Қазақстандық өнертапқыш, әрі "Ақ Қамыс" ЖШС директоры Аян Темірәлі ойлап тапқан."Көгалдандырамыз деп жердің ойдым-ойдымын шығардық"Қала біткенді жасыл желекке бөлеу үшін жаппай көгал төселіп жатыр. Бұл көгал қайдан келіп жатыр, ал зияны туралы ойлап жатырмыз ба?"Бірнеше гектар жер алып, көгалды қолдан өсіріп жатқандар жерді құртып жатыр. Бұл карьердің бір түрі. Көп жерде карьер қазылып, арты айқай шу болып жатады. Мысалы олар құнарланған жақсы жерлерге көгалды (газон) егіп, қаланы гүлдендіру үшін ол көгалды қазып алады. Салдарынан жер ойдым-ойдым болып қазылып, құнарлы топырақ құрып барады. Жерді қаза береміз, ал оның орнын немен толтырады, қалай толтырылады, оны ойлап жатқан ешкім жоқ", - дейді Аян Темірәлі.Жаңа технология "Bio kenep"-ті газонмен салыстыруға келмейді."Біздің "Bio kenep" деп аталатын технология малдың қалдығынан жасалады, тезекті органикалық тыңайтқышқа айналдырамыз. Оны құнарланған топырақ ретінде пайдаланамыз. Яғни құнарсызданып қалған жерді биокенеппен құнарландырамыз", - дейді Аян Темірәлі.Биокенеп – бабадан қалған әдіс"Ертеде апа-әжелеріміз алаша тоқыды, био кенеп сөзі содан шыққан. Бұл сол алаша сияқты оралады, бірақ үстінде шөп өсіп тұрады, яғни кенепке оралған шөп. Мен тапқан бұл технология қамыстан жасалады. Біздің ақсақалдарымыз Атырау аймағы сусыз, көлсіз шағыл болып жататын деп айтатын. Бөкей ордасы болған тұста Жәңгір хан аталарымыз топырақтың үстіне терек еккен екен. Топырақтың үстіне қамыс салады, сосын тыңайтқыш салады, тыңайтқыштың үстіне дәнегін себеді. Сөйтіп қамыспен жабады екен. Қатты ыстық соқпасын, астындағы ылғалы құмға сіңіп кетпесін деп осылай терек еккен", - дейді Аян Тұрланұлы.Өнертапқыштардың мақсаты – көгал егу емес, тозған топырақты қалпына келтіру."Жаппай өртеніп жататын қамысты кәдеге жарату керек"Мамандығы инженер-бағдарламашы Аян Тұрланұлы бұл технологияны әлемнің түкпір-түкпірін аралап жүріп, тәжірибе алмасып, ойлап тапқан."Көктем мен күзде жаппай өртеніп жататын қамысты кәдеге жарату керек. Негізінде қамысты 2009 жылдан бері зерттеп келемін, авторлық куәлігім де бар. Қамыстың өзі үш түрге бөлінеді: ну қамыс, ши қамыс, құрақ қамыс. Ну қамысты көбіне қағаз өнімдеріне пайдаланады. Ши қамыстан Европада үйдің төбелерін жабатын құрылыс материалдарын жасайды. Құрақ қамыстан мал азығы ғана шығарылады. Осыны зерттеп 2012 жылы қатты биоотын түйіршіктерін шығарған едім, оны көмірмен алмастыруға болады. 2015-2016 жылы Экспо-ға жылу энергетика орталығын салу туралы өзім ұсыныс жасадым. Бірақ қаражаты шешілмеді, мәселе ұзап кетті, сөйтіп жүргенде ЭКСПО да бітіп қалды", - дейді Аян Тұрланұлы.Қазақстанда ауаға бөлінетін көмір қышқыл газын азайту туралы көптеген құжат жасалған. Проблеманы шешудің ең тиімді жолы – гелофид өсімдіктер өсіру."Біздің жеріміз өте кең, құнарсызданған жерлер қаншама. Күннің көзінде өсетін өсімдіктерді гелофид деп атайды. Қазіргі күні терек егіп жатыр, шын мәнінде терек оттегі бөлмейді, оттегіні күннің көзінде өсетін гелофид өсімдіктер береді. Терек тамырын жан-жағына жайып өседі, ал гелофид өсімдіктер тамырын тереңге қарай жаяды. Жерді құнарландыру үшін бізге тамырын төменге қарай жаятын гелоид өсімдіктер керек", - дейді "Ақ Қамыс" ЖШС директоры Аян Темірәлі.Тың тәжірибе Biokenep Қапшағайдың жағасына жасалған."Құмды болғандықтан сол жерге егіп көрейік деп шештік, бір ай көлемінде жақсы нәтиже көрсетеміз деп отырмыз. Біз бұл технологияны Сауд Арабиясына апарып қолданғалы жатырмыз. 4-5 компаниямен келісімге келіп, олар бізге шақырту қағаздарын жіберді. Сол жаққа өсіріп көргіміз келеді. Бұл кавролан сияқты төсеп кетіп жүре беретін технология. Сауд Арабиясында көшпелі құм өте көп, темір жолдарын басып, магистарльдері құм астында қалып жатады, проблемалары көп. Мұндай құмы көшетін аймақ бізде де бар, мысалы Қызылорда облысы. Бұрын бізде сексеуіл еккен, қазір одан гөрі біздің технология тиімді екенін дәлелдеп отырмыз. Бұл биокенеп ылғалды көп уақыт ұстап тұра алады, суды да көп қажет етпейді", – деп түйіндеді өнертапқыш.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2024
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/06/04/44755895_118:0:843:544_1920x0_80_0_0_e98b29288b32904c8806a222ebd3f801.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Айдана Дайырова
https://sputnik.kz/img/07e6/0a/04/28176122_0:0:472:473_100x100_80_0_0_fcd7c420b72c307d5b9853f5dff45762.jpg
өнертапқыш
"Сауд Арабиясынан шақырту алдық": Қазақстандық өнертапқыш биокенеп ойлап тапты
16:46 04.06.2024 (жаңартылды: 16:54 04.06.2024) Қазақстандық өнертапқыш ойлап тапқан биокенеп алғаш болып Қонаев жеріне төселді
АЛМАТЫ, 4 маусым – Sputnik. Қонаев қаласында Қазақстан бойынша алғаш рет "Bio kenep" төселіп, жер құнарландырылып жатыр. Тың технологияны ойлап тапқан Аян Темірәлімен
Sputnik Қазақстан тілшісі сөйлесті.
Biokenep – қоршаған ортаға зияны жоқ, органикалық материал. Ол – ылғалды жақсы сақтайтын көпжылдық шөп тұқымдары, өсу стимуляторлары және органикалық тыңайтқыштар қоспасымен қабат-қабат толтырылған, биологиялық ыдырайтын өсімдік талшығы – қамыстан тұратын көп қабатты илемделген кенеп. Biokenep-ті Қазақстандық өнертапқыш, әрі "Ақ Қамыс" ЖШС директоры Аян Темірәлі ойлап тапқан.
"Көгалдандырамыз деп жердің ойдым-ойдымын шығардық"
Қала біткенді жасыл желекке бөлеу үшін жаппай көгал төселіп жатыр. Бұл көгал қайдан келіп жатыр, ал зияны туралы ойлап жатырмыз ба?
"Бірнеше гектар жер алып, көгалды қолдан өсіріп жатқандар жерді құртып жатыр. Бұл карьердің бір түрі. Көп жерде карьер қазылып, арты айқай шу болып жатады. Мысалы олар құнарланған жақсы жерлерге көгалды (газон) егіп, қаланы гүлдендіру үшін ол көгалды қазып алады. Салдарынан жер ойдым-ойдым болып қазылып, құнарлы топырақ құрып барады. Жерді қаза береміз, ал оның орнын немен толтырады, қалай толтырылады, оны ойлап жатқан ешкім жоқ", - дейді Аян Темірәлі.
Жаңа технология "Bio kenep"-ті газонмен салыстыруға келмейді.
"Біздің "Bio kenep" деп аталатын технология малдың қалдығынан жасалады, тезекті органикалық тыңайтқышқа айналдырамыз. Оны құнарланған топырақ ретінде пайдаланамыз. Яғни құнарсызданып қалған жерді биокенеппен құнарландырамыз", - дейді Аян Темірәлі.
Биокенеп – бабадан қалған әдіс
"Ертеде апа-әжелеріміз алаша тоқыды, био кенеп сөзі содан шыққан. Бұл сол алаша сияқты оралады, бірақ үстінде шөп өсіп тұрады, яғни кенепке оралған шөп. Мен тапқан бұл технология қамыстан жасалады. Біздің ақсақалдарымыз Атырау аймағы сусыз, көлсіз шағыл болып жататын деп айтатын. Бөкей ордасы болған тұста Жәңгір хан аталарымыз топырақтың үстіне терек еккен екен. Топырақтың үстіне қамыс салады, сосын тыңайтқыш салады, тыңайтқыштың үстіне дәнегін себеді. Сөйтіп қамыспен жабады екен. Қатты ыстық соқпасын, астындағы ылғалы құмға сіңіп кетпесін деп осылай терек еккен", - дейді Аян Тұрланұлы.
Өнертапқыштардың мақсаты – көгал егу емес, тозған топырақты қалпына келтіру.
"Жаппай өртеніп жататын қамысты кәдеге жарату керек"
Мамандығы инженер-бағдарламашы Аян Тұрланұлы бұл технологияны әлемнің түкпір-түкпірін аралап жүріп, тәжірибе алмасып, ойлап тапқан.
"Көктем мен күзде жаппай өртеніп жататын қамысты кәдеге жарату керек. Негізінде қамысты 2009 жылдан бері зерттеп келемін, авторлық куәлігім де бар. Қамыстың өзі үш түрге бөлінеді: ну қамыс, ши қамыс, құрақ қамыс. Ну қамысты көбіне қағаз өнімдеріне пайдаланады. Ши қамыстан Европада үйдің төбелерін жабатын құрылыс материалдарын жасайды. Құрақ қамыстан мал азығы ғана шығарылады. Осыны зерттеп 2012 жылы қатты биоотын түйіршіктерін шығарған едім, оны көмірмен алмастыруға болады. 2015-2016 жылы Экспо-ға жылу энергетика орталығын салу туралы өзім ұсыныс жасадым. Бірақ қаражаты шешілмеді, мәселе ұзап кетті, сөйтіп жүргенде ЭКСПО да бітіп қалды", - дейді Аян Тұрланұлы.
Қазақстанда ауаға бөлінетін көмір қышқыл газын азайту туралы көптеген құжат жасалған. Проблеманы шешудің ең тиімді жолы – гелофид өсімдіктер өсіру.
"Біздің жеріміз өте кең, құнарсызданған жерлер қаншама. Күннің көзінде өсетін өсімдіктерді гелофид деп атайды. Қазіргі күні терек егіп жатыр, шын мәнінде терек оттегі бөлмейді, оттегіні күннің көзінде өсетін гелофид өсімдіктер береді. Терек тамырын жан-жағына жайып өседі, ал гелофид өсімдіктер тамырын тереңге қарай жаяды. Жерді құнарландыру үшін бізге тамырын төменге қарай жаятын гелоид өсімдіктер керек", - дейді "Ақ Қамыс" ЖШС директоры Аян Темірәлі.
Тың тәжірибе Biokenep Қапшағайдың жағасына жасалған.
"Құмды болғандықтан сол жерге егіп көрейік деп шештік, бір ай көлемінде жақсы нәтиже көрсетеміз деп отырмыз. Біз бұл технологияны Сауд Арабиясына апарып қолданғалы жатырмыз. 4-5 компаниямен келісімге келіп, олар бізге шақырту қағаздарын жіберді. Сол жаққа өсіріп көргіміз келеді. Бұл кавролан сияқты төсеп кетіп жүре беретін технология. Сауд Арабиясында көшпелі құм өте көп, темір жолдарын басып, магистарльдері құм астында қалып жатады, проблемалары көп. Мұндай құмы көшетін аймақ бізде де бар, мысалы Қызылорда облысы. Бұрын бізде сексеуіл еккен, қазір одан гөрі біздің технология тиімді екенін дәлелдеп отырмыз. Бұл биокенеп ылғалды көп уақыт ұстап тұра алады, суды да көп қажет етпейді", – деп түйіндеді өнертапқыш.