https://sputnik.kz/20250512/12-mln-dollardyn-granty-qayda-zhumsalady--ministr-zhauap-berdi-53468908.html
12 млн доллардың гранты қайда жұмсалады – министр жауап берді
12 млн доллардың гранты қайда жұмсалады – министр жауап берді
Sputnik Қазақстан
Балқаш көлінің мастер-жоспарын әзірлеуге 1,35 млн еуро грант бөлінді 12.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-12T15:12+0500
2025-05-12T15:12+0500
2025-05-12T15:12+0500
ауыз су
https://sputnik.kz/img/777/55/7775542_0:292:3105:2039_1920x0_80_0_0_3150742c8e4c7bf382f25dbac6fabd23.jpg
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 12 млн АҚШ долларының гранттық ақшасы қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.Бүгінде Француз даму агенттігінің (AFD) қолдауымен Балқаш көлінің мастер-жоспарын әзірлеуге 1,35 млн еуро грант бөлінді. "Қазақмыс" корпорациясы Балқаш көлінің экожүйесін қорғауға 5 млн АҚШ долларын беруді қарастырып жатыр. Ал Жапония үкіметі су тасқынына қарсы кешенді іс-қимыл жобасына шамамен 2 млн АҚШ доллары көлемінде грант бөлуге келісті.Ал Түркістан облысында Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Жетісай және Мақтаарал аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Өгем өзенінде ГЭС каскады бар топтық су құбыры салынады. Бүгінде "South Hydro Power" компаниясымен инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Жобаның құны - 190 млрд теңге.Су құбырын салу кезінде 500 уақытша жұмыс орны ашылады. Ал жобаны аяқтағаннан кейін 160 тұрақты жұмыс орны болады.
https://sputnik.kz/20250512/az-tutynsan-az-toleysin-qazaqstandyqtar-16-million-tekshe-metr-sudy-unemdedi-53457522.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/777/55/7775542_0:0:3105:2329_1920x0_80_0_0_4e52149d93253bdeb1a6573f7f743fa9.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
ауыз су
12 млн доллардың гранты қайда жұмсалады – министр жауап берді
Балқаш көлінің мастер-жоспарын әзірлеуге 1,35 млн еуро грант бөлінді
АСТАНА, 12 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрі Нұржан Нұржігітов 12 млн АҚШ долларының гранттық ақшасы қайда жұмсалатынын айтты, деп хабарлайды
Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде Француз даму агенттігінің (AFD) қолдауымен Балқаш көлінің мастер-жоспарын әзірлеуге 1,35 млн еуро грант бөлінді. "Қазақмыс" корпорациясы Балқаш көлінің экожүйесін қорғауға 5 млн АҚШ долларын беруді қарастырып жатыр. Ал Жапония үкіметі су тасқынына қарсы кешенді іс-қимыл жобасына шамамен 2 млн АҚШ доллары көлемінде грант бөлуге келісті.
"Ислам даму банкімен ынтымақтастық шеңберінде су және өзен бассейндеріндегі экологиялық және басқарушылық мәселелерді зерделеу мен бағалау мақсатында жалпы сомасы 3,5 млн АҚШ долларын құрайтын техникалық көмек көрсету туралы келісімге қол қойылды. Бұл грант аясында Қазақ су ресурстары ғылыми-зерттеу институтының жұмысы қолдау тауып, сонымен қатар "Қазсушар" кәсіпорны техникалық жабдықтау және Ақпараттық-талдау орталығында ерте ден қою жүйесін енгізу мүмкіндігі қарастырылып отыр", - деді Нұржігітов мәжілісте өткен үкімет сағатында.
Ал Түркістан облысында Сарыағаш, Келес, Қазығұрт, Жетісай және Мақтаарал аудандарын ауыз сумен қамтамасыз ету мақсатында Өгем өзенінде ГЭС каскады бар топтық су құбыры салынады. Бүгінде "South Hydro Power" компаниясымен инвестициялар туралы келісімге қол қойылды. Жобаның құны - 190 млрд теңге.
Су құбырын салу кезінде 500 уақытша жұмыс орны ашылады. Ал жобаны аяқтағаннан кейін 160 тұрақты жұмыс орны болады.