Ақмола облысында 10 күн бұрын жоғалған баланың денесі табылды

© Sputnik / Абзал КалиевРека Нура в Косши
Река Нура в Косши - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.05.2025
Жазылу
. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр.
АЛМАТЫ, 11 мамыр - Sputnik. Ақмола облысы Қорғалжын ауданында 10 күн бұрын жоғалып кеткен баланың мәйіті табылды, деп хабарлайды облыстық полиция департаменті.
Баланың мәйіті 10 мамырда Қорғалжын ауданында Нұра өзенінен табылған.
Айта кетейік, бала 30 сәуірде жоғалып кеткен.
"Жоғалған баланы 10 күннен астам уақыт бойы полиция қызметкерлері, төтенше жағдайлар жөніндегі қызметкерлер, еріктілер мен бей-жай қарамайтын азаматтар іздеді. Өтініш түскеннен кейін бірден қылмыстық іс қозғалды", - дейді ведомство.
Баланың денесін су ағынмен 10 шақырымнан астам алып кеткен. Қазіргі уақытта тергеу жалғасып жатыр. Нәтижесіне қарай құқықтық шара қолданылады, деді полициядағылар.
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Алматыда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды – күдікті ұсталды
Жаңалықтар
0