Алматыда қоқыс жәшігінен әйелдің мәйіті табылды – күдікті ұсталды

© Sputnik / Ирина СемибратоваАрхивтегі фото
Архивтегі фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.02.2025
Жазылу
Марқұмды өлтірді деген күдікпен 1983 жылы туған ер адам ұсталды
АЛМАТЫ, 12 ақпан – Sputnik. "Green Recycle" ЖШС қоқыс өңдеу кәсіпорнының аумағында әйел адамның денесі табылды, деп хабарлады Алматы қалалық полиция департаменті.
Оқиға 11 ақпан таңертең болған. Әйелдің денесі қоқысты сұрыптау кезінде табылған.
Әлеуметтік желідегі ақпарат бойынша, қайғылы оқиға 9 ақпанда жалға алынған үйде болған. Марқұм 1989 жылғы, ал өлтірді деген күдікке ілінген ер адам 1983 жылы туған.
"Түрксіб аудандық полиция бөлімі кісі өлтіру дерегі бойынша қылмыстық іс қозғады. Күдікті ұсталып, уақытша ұстау изоляторына қамалды. Алдын ала мәлімет бойынша ер адам өзімен бірге тұратын әйелмен спирттік ішімдік ішіп, онымен жанжалдасып қалған", - дейді ведомство.
Күдікті әйелді айуандықпен өлтіріп, денесін қоқыс жәшігіне тастап кеткен.
Жаңалықтар
0