Биыл ауылдарда мың жаңа жоба іске асырылмақ

© PhotoПравительство утвердило Концепцию развития сельских территорий
Правительство утвердило Концепцию развития сельских территорий - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.05.2025
Жазылу
Осы мақсатта 2025 жылға арналған бюджеттен 176,4 млрд теңге қарастырылып отыр
АСТАНА, 10 мамыр – Sputnik. Биыл еліміздегі 500 ауылдық елді мекенде "Ауыл – ел бесігі"бағдарламасы шеңберінде мыңға жуық жоба іске асырылмақ, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
ҰЭМ мәліметінше осы мақсатта 2025 жылға арналған бюджеттен 176,4 млрд теңге қарастырылып отыр.
Жоба 2019 жылдан бері жүзеге асырылуда. 2019-2024 жылдары ауылды дамытуға 524 млрд теңге бөлінді. 2,6 мың тірек және спутниктік ауылда 6,6 мыңнан астам жоба орындалды.
Осының арқасында, 772 тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық нысаны, мектеп, медициналық пункт пен мәдениет үйі сияқты 2,1 мың әлеуметтік нысан, 3 мыңнан аса кентішілік жол салынып, жөнделген.
Больница - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
Шетелден қайтарылған қаржыға ауылда қандай нысандар салынады
Жаңалықтар
0