Шетелден қайтарылған қаржыға ауылда қандай нысандар салынады

Больница - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
Жазылу
Арнаулы мемлекеттік қордан 145 алғашқы көмек нысаны мен 13 ауданаралық аурухана салуға 31 млрд теңгеден астам қаражат бөлінді
АСТАНА, 29 сәуір – Sputnik. Премьер-министр Олжас Бектенов шетелден қайтарылған заңсыз активтердің есебінен ауылда қандай нысандар салынатынын айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгінде "Ауылда денсаулық сақтауды жаңғырту" ұлттық жобасы аясында 655 жаңа медициналық пункт салу жоспарланған. Бұдан бөлек, аудандық ауруханалар да қайта жөнделеді. Осы мақсатта республикалық бюджеттен шамамен 151 млрд теңге бөлінді. Оған қоса, шетелден қайтарылған қаражат та салынып отыр.
"Ұлттық жобаны іске асыруға Арнаулы мемлекеттік қордан да қаражат бөлінді. 145 алғашқы көмек нысаны мен 13 ауданаралық аурухана құрылысына 31 млрд теңгеден астам қаражат салынды", - деді Бектенов үкіметтің бүгінгі отырысында.
Ал денсаулық сақтау министрі Ақмарал Әлназарованың айтуынша, ұлттық жобаның қаржысына барлығы 655 медициналық пункт салынуы қажет. Осы уақытқа дейін 467 пунктің құрылысы аяқталды. Соның ішінде 175 нысан бұрын медициналық ғимарат салынбаған ауылдарда, ал 292 нысан ескірген және бейімделген үй-жайлардың орнына салынды. Жыл соңына дейін қалған 188 нысанды аяқтау жоспарланып отыр. Бұдан бөлек, 12 көпсалалы орталық аудандық аурухана ашылады.
"Қалған 14 аурухананың құрылыс жұмыстары 2026 жылдың соңына дейін аяқталады" ,- деп атап өтті Әлназарова.
Медик, врач - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.04.2025
Ауылға жұмысқа барған аса тапшы медицина қызметкерлеріне 8,5 млн теңгеден беріледі
Жаңалықтар
0