Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Ұлы Жеңіске 80 жыл толды

© Photo : пресс-служба АО "Эмбамунайгаз"Вечный огонь
Вечный огонь - Sputnik Қазақстан, 1920, 09.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Бүгін қазақстандықтар Ұлы Жеңістің мерейтойлық датасын атап өтіп жатыр. Тура 80 жыл бұрын төрт жылға созылған сұрапыл соғыс аяқталған болатын.

600 мың қазақстандық үйге оралған жоқ

Ұлы Отан соғысы кезінде қан майданға қазақ жерінен 1,5 миллионға тарта адам аттанған. Қолына қару алған әрбір екінші отандасымыз Жеңіс үшін жанын пида етті. 600 мыңнан астамы отанына оралған жоқ.
Қазақстанда барлығы 12 атқыштар дивизиясы, 7 атқыштар бригадасы, 4 атты әскер дивизиясы және қарулы күштер мен әскер түрлерінің әр саладағы жеке полктері мен батальондары жасақталды. Олар Мәскеу мен Ленинградты жанкештілікпен қорғап, Украина мен Беларусь, Балтық маңы мен Молдованы азат етуге атсалысты, Берлин шабуылына қатысты.
Ақтөбе облысында соғыс ардагеріне 5 млн теңге біржолғы көмек беріледі - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Ақтөбе облысындағы жалғыз соғыс ардагеріне 5 млн теңге біржолғы көмек беріледі
Соғыста көрсеткен ерлігі үшін мыңдаған қазақстандық медаль және орденмен марапатталды. 500-ге жуығы Кеңес одағының Батыры атағына ие болса, төртеуі екі рет батыр атанды. 110 қазақстандық үш дәрежелі Даңқ орденімен марапатталды.

Қазақстанда қанша ардагер қалды

2025 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша Қазақстанда 83 048 ардагер болған. Олар:
Ұлы Отан соғысының 111 ардагері;
жеңілдіктер бойынша ҰОС ардагерлеріне теңестірілген 16 796 ардагер;
26 553 басқа мемлекеттердің аумағында ұрыс қимылдарының ардагерлері;
39 588 ҰОС жылдарындағы тыл еңбеккерлері.
Өкінішке қарай, жыл сайын соғыс ардагерлерінің қатары сиреп келеді. 8 мамырдағы жағдай бойынша ҰОС ардагерлерінің саны 105 адамға дейін азайды.

Әскери парад өтті

Биыл Астанада Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған әскери парад өтті. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 300-ден аса қару-жарақ пен әскери техника қатысты. Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери техниканың үлгілері де шығарылды.
Әуе шеруіне армиялық, майдандық және әскери-көліктік авиацияның 60-тан астам әуе кемесі қатысты. Шеру соңында ұшақтар Қазақстан туын Астана аспанында бейнеледі.

Батырларға тағзым

Алматы қаласында "Батырларға тағзым" акциясы өтеді. Соның аясында қала тұрғындары мен қонақтары майданға қатысқан ата-бабаларының суретін ұстап, қала көшелерімен жүріп өтеді.
Шеруге қатысатындар сағат 10:15-те Орталық демалыс саябағынан бастап, 28 панфиловшылар атындағы саябаққа дейін жаяу жүреді. Сол жерде Мәңгілік алауға салтанатты түрде гүл шоқтарын қояды.
Жалпы, республика бойынша Ұлы Жеңістің 80-жылдығына орай сан алуан мәдени-бұқаралық шаралар, соның ішінде концерттер, экспозияциялар мен көрмелер ұйымдастырылады. Барлық аймақта мемориалдар мен ескерткіштерге гүл шоқтары қойылады. Халық батырлардың рухына тағзым етеді. Мәселен, Астанада 100-ге жуық мерекелік іс-шара өтеді.
Виды Астаны - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Астанада 7 және 9 мамырда қандай іс-шаралар өтеді

Жаңалықтар
0