Астанада 7 және 9 мамырда қандай іс-шаралар өтеді
© Sputnik / Владислав ВодневВиды Астаны

© Sputnik / Владислав Воднев
Жазылу
Елордадағы әскери парад тікелей көрсетіледі
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Астанада 7 мамыр – Отан қорғаушы күні мен 9 мамыр – Ұлы Жеңістің 80 жылдығына арналған 100-ге жуық мерекелік іс-шара өтеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Қала әкімдігі таратқан мәліметке сәйкес, екі мерекеге концерттер, көрмелер, акциялар, спектакльдер және тағы басқа шаралар ұйымдастырылады.
7 мамырда:
сағат 11:00-де Астанада концерттер мен әскери парадтың тікелей көрсетілімі өтеді. Сағат 11:00-ден бастап үлкен LED экрандар арқылы шеру бірден бірнеше орында (елорда әкімдігі ғимаратының жанындағы қалалық алаңда (тікелей эфир және мерекелік концерт), EXPO аймағы және "Astana Music Hall" автотұрағы) тікелей эфирде көрсетіледі. Республикалық телеарналар да тікелей эфирге қосылады.
сағат 12:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының аумағында әртістердің қатысуымен ашық аспан астында мерекелік концерт.
8 мамырда:
сағат 15.00-де Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына орай және "Таза Қазақстан" экологиялық акциясы аясында ағаш отырғызу акциясы;
9 мамырда:
сағат 9:00-де Ботаникалық бақта елордалық студенттер мен оқушылар арасында Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған жеңілатлетикалық эстафета;
сағат 11:00-ден 17:00-ге дейін "Жастар" саябағында және қалалық алаңда сағат 17:00-де мерекелік концерттер өтеді.
сағат 18:00-де Ә.Мәмбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театры "Ар адамы – Бауыржан" спектаклінің премьерасы;
Ж. Үшкемпіров атындағы Жекпе-жек сарайында "Qazaqstan Barysy Grand Slam" дзюдодан халықаралық турнир басталады. Көрермендерге кіру тегін.
Бұдан бөлек, сағат 10:00-ден 12:00-ге дейін қала әкімдігі, ҚР Қорғаныс министрлігі өкілдерінің, "Жас Сарбаз" балалар-жасөспірімдер әскери-патриоттық қозғалысының тәрбиеленушілерінің, әскери оркестрдің қатысуымен оркестрмен құттықтау болады.
10 мамырда:
сағат 17:00-де Е.Рахмадиев атындағы Мемлекеттік академиялық филармонияда "Мамыр вальсі" мерекелік концерті;
сағат 18:00-де Ә.Мамбетов атындағы мемлекеттік драма және комедия театрының сахнасында "Ар адамы. Бауыржан" спектаклі.