https://sputnik.kz/20250509/almatyda-qart-maydanger-102-zhasqa-toldy-53374732.html
Алматыда қарт майдангер 102 жасқа толды
Алматыда қарт майдангер 102 жасқа толды
Sputnik Қазақстан
Ольга Андреевна 18 жасында өз еркімен майданға аттанған 09.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-09T14:20+0500
2025-05-09T14:20+0500
2025-05-09T14:20+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/09/53374813_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_d7264b8c45e08ff26f76da90016ce139.jpg
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Алматыда әскери қызметшілер қарт майдангерді 102 жасқа толған туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.9 мамыр – Жеңіс күні Ұлы Отан соғысының ардагері Ольга Андреевна Савенко 102 жасқа толды.Ольга Андреевна 1923 жылы Алматыда дүниеге келген. 18 жасында өз еркімен майданға аттанған. Оның жауынгерлік жолы 1-ші Беларусь майданы құрамындағы 109-шы жеке байланыс полкінде өтті. Қарулас достарымен бірге Жеңісті Берлинде қарсы алды.Соғыстан кейін Ольга Андреевна өз өмірін бейбіт еңбекке арнап, жарты ғасырдан астам уақыт Алматы телеграфында жұмыс істеді. Екі қыз тәрбиелеп өсірді. Жасына қарамастан, ол әлі де сергек көрінеді.
https://sputnik.kz/20250509/uly-zheniske-80-zhyl-toldy-53333917.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/09/53374813_61:0:1021:720_1920x0_80_0_0_57e5d9f0e22d0261e05f3eb7d606b6ce.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Алматыда қарт майдангер 102 жасқа толды
Ольга Андреевна 18 жасында өз еркімен майданға аттанған
АСТАНА, 9 мамыр – Sputnik. Алматыда әскери қызметшілер қарт майдангерді 102 жасқа толған туған күнімен құттықтады, деп хабарлады Қорғаныс министрлігі.
9 мамыр – Жеңіс күні Ұлы Отан соғысының ардагері Ольга Андреевна Савенко 102 жасқа толды.
"Ольга Андреевнаны туған күнімен және Жеңіс күнімен құттықтау біз үшін үлкен мәртебе. Оның өмір жолы жас ұрпаққа үлгі етерлік ерліктің үлгісі. Біз курсанттарымызды болашақ офицерлер ретінде ғана емес, бейбітшілік сыйлаған майдангерлерді құрметтейтін азамат ретінде тәрбиелейміз", – деп атап өтті Әскери-инженерлік институт бастығының тәрбие және идеологиялық жұмыс жөніндегі орынбасары полковник Медгат Мадрахимов.
Ольга Андреевна 1923 жылы Алматыда дүниеге келген. 18 жасында өз еркімен майданға аттанған. Оның жауынгерлік жолы 1-ші Беларусь майданы құрамындағы 109-шы жеке байланыс полкінде өтті. Қарулас достарымен бірге Жеңісті Берлинде қарсы алды.
Соғыстан кейін Ольга Андреевна өз өмірін бейбіт еңбекке арнап, жарты ғасырдан астам уақыт Алматы телеграфында жұмыс істеді. Екі қыз тәрбиелеп өсірді. Жасына қарамастан, ол әлі де сергек көрінеді.