https://sputnik.kz/20250508/zhyl-basynan-beri-su-zannamasyn-buzgandardan-29-mln-tenge-ondirildi-53298261.html
Жыл басынан бері су заңнамасын бұзғандардан 2,9 млн теңге өндірілді
Жыл басынан бері су заңнамасын бұзғандардан 2,9 млн теңге өндірілді
Sputnik Қазақстан
Министрліктің бассейндік инспекциялары 2025 жылдың басынан бастап 13 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 8 заңбұзушылық анықталды 08.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-08T09:17+0500
2025-05-08T09:17+0500
2025-05-08T09:26+0500
әкімшілік айыппұл
су
https://sputnik.kz/img/970/77/9707747_0:53:1024:629_1920x0_80_0_0_67e09150d159f2ea30bfd7b7d42aa519.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді, деп хабарлады су ресурстары және ирригация министрлігі.Ал 2025 жылдың басынан бері суды заңсыз пайдалану фактілері бойынша жалпы сомасы 6,4 млн теңгеге 35 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 1,4 млн теңге сомасына 12 әкімшілік айыппұл салынды, ал құқық қорғау және мемлекеттік органдардан түскен материалдар бойынша 5 млн теңгеге 23 әкімшілік айыппұл салынды.Министрліктің бассейндік инспекциялары 2025 жылдың басынан бастап 13 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 8 заңбұзушылық анықталды. Бұл заңбұзушылықтарды жою үшін 7 ұйғарым берілді.Су шаруашылығы саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында былтыр министрлік жанынан су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылған болатын. Нәтижесінде су инспекторларының саны 98 адамнан 210-ға дейін артты.2024 жылы су заңнамасын бұзғандардан жалпы сомасы 44,5 млн теңге болатын 556 әкімшілік айыппұл өндірілген. Сондай-ақ бассейндік инспекциялар 439 тексеру жүргізіп, оның барысында 1855 заң бұзушылық анықталды.
https://sputnik.kz/20250507/qaragandy-oblysyndagy-5-su-qoymasy-100-ga-toldy-53256449.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/970/77/9707747_59:0:966:680_1920x0_80_0_0_8d6b1575a423d92bbf077b9c8238c716.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
әкімшілік айыппұл, су
Жыл басынан бері су заңнамасын бұзғандардан 2,9 млн теңге өндірілді
09:17 08.05.2025 (жаңартылды: 09:26 08.05.2025) Министрліктің бассейндік инспекциялары 2025 жылдың басынан бастап 13 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 8 заңбұзушылық анықталды
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Жыл басынан бері су заңнамасын бұзған тұлғалардан жалпы сомасы 2,9 млн теңгеге 18 әкімшілік айыппұл өндірілді, деп хабарлады
су ресурстары және ирригация министрлігі.
Ал 2025 жылдың басынан бері суды заңсыз пайдалану фактілері бойынша жалпы сомасы 6,4 млн теңгеге 35 әкімшілік айыппұл салынды. Оның ішінде жоспардан тыс тексеру нәтижелері бойынша 1,4 млн теңге сомасына 12 әкімшілік айыппұл салынды, ал құқық қорғау және мемлекеттік органдардан түскен материалдар бойынша 5 млн теңгеге 23 әкімшілік айыппұл салынды.
Министрліктің бассейндік инспекциялары 2025 жылдың басынан бастап 13 тексеру жүргізіп, нәтижесінде 8 заңбұзушылық анықталды. Бұл заңбұзушылықтарды жою үшін 7 ұйғарым берілді.
Су шаруашылығы саласындағы заңбұзушылықтарды анықтау мақсатында былтыр министрлік жанынан су ресурстарын реттеу, қорғау және пайдалану комитеті құрылған болатын. Нәтижесінде су инспекторларының саны 98 адамнан 210-ға дейін артты.
"Оған қоса, заңнамаға да өзгерістер енгізілді. Жаңа Су кодексінде бассейндік инспекцияларға бақылау жүргізу құзыреті берілді. Құжат күшіне енгеннен кейін олар шұғыл әрекет ету шараларын қабылдай алады. Сонымен қатар Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекске де өзгерістер енгізіліп, су саласындағы заңбұзушылықтар үшін жауапкершілік күшейтілді", – деді су ресурстары және ирригация вице-министрі Нұрлан Алдамжаров.
2024 жылы су заңнамасын бұзғандардан жалпы сомасы 44,5 млн теңге болатын 556 әкімшілік айыппұл өндірілген. Сондай-ақ бассейндік инспекциялар 439 тексеру жүргізіп, оның барысында 1855 заң бұзушылық анықталды.