Қазақстанда алғаш рет қашықтықтан роботтандырылған операция жасалды

© Sputnik / Варвара Гертье / Медиабанкке өтуОперация
Операция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жазылу
Операцияны доктор Ли Сюэ Сун (М.D., Рh.D.) Бейжің қаласында қашықтан басқарды
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Қазақстанда алғаш рет ісікті алып тастау бойынша қашықтықтан роботтандырылған операция жасалды, деп хабарлайды Денсаулық сақтау министрлігі.
"Бүгін Қазақ онкология және радиология ғылыми-зерттеу институтында (ҚазОРҒЗИ) Қазақстанда алғаш рет Sagebot SR–2000 роботтандырылған хирургиялық жүйесін қолдана отырып, Бейжің университетінің Бірінші ауруханасымен бірлесіп бірегей хирургиялық ота жасалды", - деп жазылған хабарламада.
Ота шамамен екі сағатқа созылды. Операцияны доктор Ли Сюэ Сун (М.D., Рh.D.) Бейжің қаласында (ҚХР) және заманауи телекоммуникациялық технологияларды қолдана отырып, араласу барысын қашықтан басқарды. Алматыда (Қазақстанда) операцияның барысын бақылауды ҚазОРҒЗИ хирург-дәрігері, PhD Хусан Талипбайұлы Өмірзақов жүзеге асырды.
Роботтандырылған хирургия урология, гинекология және жалпы хирургия сияқты салалардағы ең заманауи және тиімді әдістердің бірі болып табылады.
Бұл әдіс лапароскопияның артықшылықтарын — аз инвазивті қолжетімділікті және тіндердің ең төмен жарақаттануын — 3D-бейнелеу мүмкіндіктерімен, қозғалыстың жоғары дәлдігімен және интеллектуалды бақылау жүйелерімен біріктіреді. Бұл операциядан кейінгі кезеңнің жеңіл ағымын, ерте белсендіруді, емдеуге жатқызу уақытын қысқартуды және асқыну қаупін азайтуды қамтамасыз етеді.
2,5 айлық баланың көзіне бірегей ота жасалды - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Алматыда шала туған 2,5 айлық сәбидің көзіне шетелдік дәрігер бірегей ота жасады
Жаңалықтар
0