https://sputnik.kz/20250508/khat-zhazdym-qalam-alyp-qan-maydannan-sogys-kezinde-zhazylgan-khattar-zhinagy-shyqty-53311256.html
"Хат жаздым қалам алып қан майданнан": соғыс кезінде жазылған хаттар жинағы шықты
"Хат жаздым қалам алып қан майданнан": соғыс кезінде жазылған хаттар жинағы шықты
Sputnik Қазақстан
Жинаққа Кемел Тоқаевтың майданнан қайтпай қалған туған ағасы Қасым туралы естелігі де енген 08.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-08T14:35+0500
2025-05-08T14:35+0500
2025-05-08T14:35+0500
жеңістің 80 жылдығы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/07/53292020_0:56:1080:664_1920x0_80_0_0_94886aef06f11ae8013184952828db16.jpg
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Еуразия ұлттық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдандағы қазақ батырларының белгісіз мұрағат хаттары жинақталған "Хат жаздым қалам алып қан майданнан" атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.Жинаққа Ұлы Отан соғысының атақты батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Әзілхан Нұршайықов, Әлия Молдағұлова сияқты белгілі тұлғалармен қатар аты беймәлім 130 қазақ жауынгерінің майданнан жазған сәлем хаттары, өлеңдері, әні мен әуені бар лирикалық хаттары енді. Сондай-ақ, Кемел Тоқаевтың майданнан қайтпай қалған туған ағасы Қасым туралы естелігі берілген.Хаттардың басым бөлігі ұлттық ғылым академиясының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан алынды. Соның бәрін сұрыптау кезінде түрлі өмір талқысы, сөз саптау үлгілері, қаһарлы, ауыр жылдардағы халықтың ой-өресінің жалпы көрінісі кітапта толығымен көрсетілген. Ал жинақтың негізгі мақсаты – хабар-ошарсыз кеткен қазақ жауынгерлерінің есімдерін хаттары арқылы тарихта қалдыру.Алдағы уақытта зерттеу жұмыстары сериялы кітап түрінде шығарылады.
https://sputnik.kz/20250501/anam-poyyz-artynan-ilese-zhugirip-zhylady-almatylyq-ardager-sogysty-eske-aldy--53063814.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/07/53292020_60:0:1020:720_1920x0_80_0_0_742da9a87c2b960c38c8d162a1fbd17f.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
"Хат жаздым қалам алып қан майданнан": соғыс кезінде жазылған хаттар жинағы шықты
Жинаққа Кемел Тоқаевтың майданнан қайтпай қалған туған ағасы Қасым туралы естелігі де енген
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Еуразия ұлттық университетінде Ұлы Жеңістің 80 жылдығына орай майдандағы қазақ батырларының белгісіз мұрағат хаттары жинақталған "Хат жаздым қалам алып қан майданнан" атты кітаптың тұсаукесері өтті, деп хабарлады ғылым және жоғары білім министрлігі.
Жинаққа Ұлы Отан соғысының атақты батырлары Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Әзілхан Нұршайықов, Әлия Молдағұлова сияқты белгілі тұлғалармен қатар аты беймәлім 130 қазақ жауынгерінің майданнан жазған сәлем хаттары, өлеңдері, әні мен әуені бар лирикалық хаттары енді. Сондай-ақ, Кемел Тоқаевтың майданнан қайтпай қалған туған ағасы Қасым туралы естелігі берілген.
"Бұл – біздің университет ғалымдарының еңбегі. Кітаптың ерекшелігі сол, майданнан жазылған хаттарды жинақтап, жанұялардан сұрастырып, бұрын еш жерде жарияланбаған хаттарды енгіздік. Бұл еңбек әрі қарай жалғасын табатын болады. Себебі қазір әр үйде сақталған хаттар жеткілікті. Миллиондаған хаттар әлі жарық көрмей жатыр. Соғыстың қасіретін, сұмдығын түсіну үшін мұрағаттағы кітап, құжаттар, естелік, кинофильмдер аздық етеді. Соғыстың шын мәнін бізге сол қан майданда жүріп, өзі сезінген дүниелерді елдегі туғандарына жазған хаттар кеңінен бере алады", – дейді университет ректоры Ерлан Сыдықов.
Хаттардың басым бөлігі ұлттық ғылым академиясының сирек кітаптар мен қолжазбалар қорынан алынды. Соның бәрін сұрыптау кезінде түрлі өмір талқысы, сөз саптау үлгілері, қаһарлы, ауыр жылдардағы халықтың ой-өресінің жалпы көрінісі кітапта толығымен көрсетілген. Ал жинақтың негізгі мақсаты – хабар-ошарсыз кеткен қазақ жауынгерлерінің есімдерін хаттары арқылы тарихта қалдыру.
Алдағы уақытта зерттеу жұмыстары сериялы кітап түрінде шығарылады.