https://sputnik.kz/20250508/arine-aser-etedi-sim-undistan-men-pakistan-qaqtygysy-turaly-aytty----53319980.html
"Әрине, әсер етеді": СІМ Үндістан мен Пәкістан қақтығысы туралы айтты
"Әрине, әсер етеді": СІМ Үндістан мен Пәкістан қақтығысы туралы айтты
Sputnik Қазақстан
Қазақстан азаматтарын эвакуациялау нақты қауіп төнген жағдайда ғана ұйымдастырылады 08.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-08T13:55+0500
2025-05-08T13:55+0500
2025-05-08T14:02+0500
үндістан
пәкістан
қазақстан сім
эйр астана
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53319124_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_2d397a6ebedafdf24441b37faacb9ff6.jpg
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс экономикалық тұрғыдан Қазақстанға әсер етеді, деді сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин. Ол бұл жағдайдың бейбіт дипломатиялық жолмен шешілетіне сенім білдірді. Сондай-ақ осы елдердегі қазақстандықтар туралы хабардар етті. "Менің білуімше, екі елде де Қазақстан азаматтары бар. Әсіресе Үндістанға қарағанда Пәкістанда көп және олар елшілікпен байланысты. Бұл біз білетін елшілікте консулдық есепте тұрған азаматтар. Олар біздің елшілікпен үнемі байланыста", - деді Рахметуллин.Қазіргі уақытта бұл өңірлерде толыққанды әскери іс-қимылдар жоқ, тек шекара маңы аумағында жекелеген соққылар болғандықтан, Қазақстан азаматтарын эвакуациялау туралы мәселе туындамады, деді ол. Air Astana авиакомпаниясының 8 мамырда Қазақстаннан Үндістанға әуе тасымалын не үшін тоқтатқанына қатысты да түсініктеме берілді. Ал бұл елдерден қазақстандықтарды көшіру мәселесі қауіп төнген кезде ғана туындайды, деді СІМ. "Қазақстандықтар Пәкістанда Үндістанға қарағанда көбірек екенін білемін. Бірақ менде нақты адам саны жоқ. Мен консулдық есепте тұрғандар туралы айтып отырмын. Олардың саны онша көп емес", - деді Рахметуллин.Айта кетері, Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс 22 сәуірде Үндістанның Джамму және Кашмир аймағындағы Пахалгам қаласының маңында террористік шабуылдан кейін күшейе түсті. Қаруланған бірнеше адам Байсаран демалыс орнында туристерге оқ жаудырған. Салдарынан 25 үнді және бір Непал азаматы қаза тапты.Кейінірек Үндістанның қорғаныс министрлігі Синдур операциясының басталғанын хабарлады. Ал Пәкістан тарабы Нью-Дели шегініс жасаса, Үндістанға қарсы қимылдарын тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.
https://sputnik.kz/20250508/aue-kenistigi-zhabyq-air-astana-undistanga-reysterdi-toqtatty-53292887.html
үндістан
пәкістан
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/08/53319124_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_47c774479570c3054bd2ec4418d0370b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
үндістан, пәкістан, қазақстан сім, эйр астана
үндістан, пәкістан, қазақстан сім, эйр астана
"Әрине, әсер етеді": СІМ Үндістан мен Пәкістан қақтығысы туралы айтты
13:55 08.05.2025 (жаңартылды: 14:02 08.05.2025) Қазақстан азаматтарын эвакуациялау нақты қауіп төнген жағдайда ғана ұйымдастырылады
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Үндістан мен Пәкістан арасындағы қақтығыс экономикалық тұрғыдан Қазақстанға әсер етеді, деді сыртқы істер министрінің орынбасары Ақан Рахметуллин.
"Менің ойымша, әсер етеді, бірақ қатты емес, өйткені бізде Үндістан мен Пәкістан арқылы өтетін оңтүстік бағыттар онша дамымаған", - деді Рахметуллин.
Ол бұл жағдайдың бейбіт дипломатиялық жолмен шешілетіне сенім білдірді. Сондай-ақ осы елдердегі қазақстандықтар туралы хабардар етті.
"Менің білуімше, екі елде де Қазақстан азаматтары бар. Әсіресе Үндістанға қарағанда Пәкістанда көп және олар елшілікпен байланысты. Бұл біз білетін елшілікте консулдық есепте тұрған азаматтар. Олар біздің елшілікпен үнемі байланыста", - деді Рахметуллин.
Қазіргі уақытта бұл өңірлерде толыққанды әскери іс-қимылдар жоқ, тек шекара маңы аумағында жекелеген соққылар болғандықтан, Қазақстан азаматтарын эвакуациялау туралы мәселе туындамады, деді ол.
Air Astana авиакомпаниясының 8 мамырда Қазақстаннан Үндістанға әуе тасымалын не үшін тоқтатқанына қатысты да түсініктеме берілді.
"Бұл саяси емес, экономикалық мәселе. Air Astana-ның өзіне қатысты болды. Үндістанның әуе кеңістігі ашық. Тек Пәкістан Үндістан үшін өзінің әуе кеңістігін жауып тастады. Сондықтан Air Astana бұл азаматтарды әкету жолдарын табуы тиіс", - деді сыртқы істер министрінің орынбасары.
Ал бұл елдерден қазақстандықтарды көшіру мәселесі қауіп төнген кезде ғана туындайды, деді СІМ.
"Қазақстандықтар Пәкістанда Үндістанға қарағанда көбірек екенін білемін. Бірақ менде нақты адам саны жоқ. Мен консулдық есепте тұрғандар туралы айтып отырмын. Олардың саны онша көп емес", - деді Рахметуллин.
Айта кетері, Үндістан мен Пәкістан арасындағы шиеленіс 22 сәуірде Үндістанның Джамму және Кашмир аймағындағы Пахалгам қаласының маңында террористік шабуылдан кейін күшейе түсті. Қаруланған бірнеше адам Байсаран демалыс орнында туристерге оқ жаудырған. Салдарынан 25 үнді және бір Непал азаматы қаза тапты.
Кейінірек Үндістанның қорғаныс министрлігі Синдур операциясының басталғанын хабарлады. Ал Пәкістан тарабы Нью-Дели шегініс жасаса, Үндістанға қарсы қимылдарын тоқтатуға дайын екенін мәлімдеді.