Әуе кеңістігі жабық: Air Astana Үндістанға рейстерді тоқтатты

© Photo : Официальный телеграм-канал Air AstanaAir Astana ұшағы
Air Astana ұшағы - Sputnik Қазақстан, 1920, 08.05.2025
Жазылу
Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құны қайтарылады
АСТАНА, 8 мамыр – Sputnik. Air Astana әуе компаниясы Үндістаннан және Үндістанға ұшатын жолаушыларға қатысты шұғыл ақпарат таратты.
"Үндістан мен Пәкістан арасындағы әуе кеңістігінің жабылуына байланысты Air Astana әуекомпаниясы 8 мамырдағы Алматы – Дели – Алматы бағыты бойынша KC 907/908 рейстерін және Алматы – Мумбай – Алматы бағыты бойынша KC 291/292 рейстерін тоқтатуға мәжбүр", - деп жазылған хабарламада.
Орындалмайтын рейстердің жолаушыларына билеттердің толық құны қайтарылады.
Қазіргі уақытта әуе компаниясы ел азаматтарын және Air Astana әуе компаниясының басқа да жолаушыларын балама бағыттар арқылы Отанына қайтару үшін репатриациялық рейстер ұйымдастыру мүмкіндігін қарастырып жатыр.
Алматы әуежайында ішкі рейстер неге кешікті  - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Алматы әуежайында ішкі рейстер неге кешікті
Жаңалықтар
0