https://sputnik.kz/20250508/altyn-ondirisi-boyynsha-780-milliard-tengege-13-investitsiyalyq-zhoba-zhuzege-asyrylady-53311437.html
Алтын өндірісі бойынша 780 миллиард теңгеге 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Алтын өндірісі бойынша 780 миллиард теңгеге 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Sputnik Қазақстан
Жобалар аясында елімізде 3400 жаңа жұмыс орны құрылады 08.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-08T13:12+0500
2025-05-08T13:12+0500
2025-05-08T13:12+0500
алтын өндіру
https://sputnik.kz/img/339/86/3398650_0:206:2091:1382_1920x0_80_0_0_361e2565077bf030c43ae1c599f1175b.jpg
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар аясында 3400 жаңа жұмыс орны құрылатын болады, деп хабарлайды өнеркәсіп және құрлыс министрлігі.2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асатын жобалар аясында 20,6 миллион тонна кен өңделіп, 21 тонна доре қорытпасы өндіріледі.Жалпы, соңғы он жылда елде кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту және кеңейту бағытында 19 жоба іске асырылды. Олардың жылдық кен өңдеу қуаты – 27,2 млн тонна, бұл шамамен 29,1 тонна доре қорытпасын өндіруге мүмкіндік берсе, бұл жобалардың жалпы құны 420,3 миллиард теңгені құрайды. Салынған инвестиция көлемі шамамен 460 млрд теңге болып, 4400 жаңа жұмыс орны ашылды.Алтын өндіру жобаларының басым көпшілігі Ақмола және Қарағанды облыстарында шоғырланған. Ал инвестиция көлемі бойынша Павлодар (27,7%) және Ақмола (18,8%) облыстары алда келеді.
https://sputnik.kz/20250424/qazaqstanda-quramynda-altyn-bar-kendi-zansyz-ondirgen-5-kasiporynnyn-zhumysy-toqtatyldy-52822050.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/339/86/3398650_0:10:2091:1578_1920x0_80_0_0_29f88f2c356a9621ec587c13ea7f882e.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
алтын өндіру
Алтын өндірісі бойынша 780 миллиард теңгеге 13 инвестициялық жоба жүзеге асырылады
Жобалар аясында елімізде 3400 жаңа жұмыс орны құрылады
АСТАНА, 8 мамыр - Sputnik. Алдағы үш жылда Қазақстанның алтын өндіру саласында жалпы құны 780 миллиард теңгені құрайтын 13 инвестициялық жобаны іске асыру жоспарланған. Жобалар аясында 3400 жаңа жұмыс орны құрылатын болады, деп
хабарлайды өнеркәсіп және құрлыс министрлігі.
2025-2028 жылдар аралығында жүзеге асатын жобалар аясында 20,6 миллион тонна кен өңделіп, 21 тонна доре қорытпасы өндіріледі.
"Алтын өндіріс саласының дамуы - Қазақстанның әлемдік қымбат металлдар нарығындағы орнын нығайта түсуге мүмкіндік береді. Алтын және басқа да бағалы металл бар ірі кен орындарын қамтитын бай шикізат базасының болуы - алтын өңдеу саласына инвестиция тартуды арттырады", - делінген хабарламада.
Жалпы, соңғы он жылда елде кен байыту комбинаттарын салу, жаңғырту және кеңейту бағытында 19 жоба іске асырылды. Олардың жылдық кен өңдеу қуаты – 27,2 млн тонна, бұл шамамен 29,1 тонна доре қорытпасын өндіруге мүмкіндік берсе, бұл жобалардың жалпы құны 420,3 миллиард теңгені құрайды. Салынған инвестиция көлемі шамамен 460 млрд теңге болып, 4400 жаңа жұмыс орны ашылды.
"Жүзеге асқан жобалардағы инвестициялардың басым бөлігі алтын өндіру фабрикаларын салуға бағытталған. Соның ішінде Ақмола облысындағы "Райгородок" кен орнында жылына 5 млн тонна кен өңдейтін кешен ("RG Gold" және "RG Processing" ЖШС), сондай-ақ Абай облысындағы "Бақыршық" кен орнында жылына 2 млн тонна кен өңдейтін өндірісі бар", - дейді министрлік.
Алтын өндіру жобаларының басым көпшілігі Ақмола және Қарағанды облыстарында шоғырланған. Ал инвестиция көлемі бойынша Павлодар (27,7%) және Ақмола (18,8%) облыстары алда келеді.