Құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген 5 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуҚазақстанда құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген 5 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды
Қазақстанда құрамында алтын бар кенді заңсыз өндірген 5 кәсіпорынның жұмысы тоқтатылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 24.04.2025
Жазылу
Тексеріс кезінде 6 700 тоннадан астам құрамында алтыны бар кен, 300 тонна сұйық кен, 120 тонна селитра мен жарылғыш заттар тәркіленді
АСТАНА, 24 сәуір - Sputnik. Ішкі істер министрлігі мен ұлттық қауіпсіздік комитетінің қызметкерлері Бас прокуратураның үйлестіруімен Абай, Жетісу, Шығыс Қазақстан және Түркістан облыстарында құрамында алтыны бар металдарды заңсыз өндіру және өңдеумен айналысқан бес кәсіпорынның қызметін тоқтатты, деп хабарлайды Polisia.kz.
Тексеру барысында бұл компаниялардың тек геологиялық барлау жүргізуге лицензиясы бар боп шықты. Алайда олар арнайы техника мен өндірістік жабдықтарды пайдалана отырып, кең көлемде құрамында алтыны бар кенді заңсыз өндіргені анықталды.​
"Жүргізілген тінту шаралары барысында 6 700 тоннадан астам құрамында алтыны бар кен, 300 тонна сұйық кен (пульпа), 120 тонна селитра, сондай-ақ жарылғыш заттар мен детонаторлар тәркіленді, - делінген хабарламада.
Оқиға орындарынан 45 бірлік арнайы техника алынған.​ Полиция бөліміне 62 адам, оның ішінде бірнеше серіктестік директорлары мен құрылтайшылары жеткізілді.​
"Анықталған заң бұзушылықтар нәтижесінде құрамында бағалы металдар бар шикізаттың заңсыз айналымы фактісі бойынша бес қылмыстық іс тіркелді. Мемлекетке аса ірі көлемде залал келтірілгені анықталды, - дейді Polisia.kz.
Добыча золота. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.02.2025
Қостанай облысында заңсыз алтын өндіргендерге 2,6 млн теңге айыппұл салынды
Жаңалықтар
0