Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Тоқаев: Қазақстан армияны күшейтіп жатыр

© Photo : АкордаПарад Победы в Астане
Парад Победы в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Астанада өтіп жатқан әскери парадта Қазақстан Қарулы Күштерін жаңғырта бастағанын, армияны күшейту үшін нақты жұмыс жүргізіп жатқанын атап өтті, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Еліміздің қорғаныс қабілетін арттыру – аса маңызды міндет. Біз Қарулы Күштерімізді жаңғырта бастадық, армиямызды күшейту үшін нақты жұмыс жүргізіп жатырмыз.Осы өте маңызды мәселе бойынша Парламент заң қабылдады", - деді президент.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекет әскери қызметшілерге, арнаулы мекемелер мен азаматтық қорғаныс саласының қызметкерлеріне әрдайым қолдау көрсететінін атап өтті.
"Армиямыздың күш-қуаты жауынгерлік рух пен темірдей тәртіпке тікелей байланысты. Сіздердің мінсіз қызметтеріңіз – елдегі қауіпсіздік пен тыныштық кепілі. Біз озық ойлы ұлт ретінде заң мен тәртіпті бәрінен биік қоятын болдық. Әр азаматтың бойында Отанға деген адалдық пен әділдік болуға тиіс", - деп толықтырды ол.
Оның айтуынша ел қорғау – абыройлы міндет және зор жауапкершілік.
"Бұл – әр азаматтың перзенттік парызы. Сіздермен бірге барша азаматтарымыз Әділетті, Қуатты, Қауіпсіз және Таза Қазақстанды құрып жатыр. Осы тарихи жұмысымыз табысты болсын! Рухымыз мықты, мемлекеттілігіміз мәңгі болсын! Көк Туымыз биікте желбіресін! Қадірлі Отандастар! Ұлы Жеңістің 80 жылдығы құтты болсын!", - деп түйіндеді мемлекет басшысы.
Парад Победы в Астане - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Даңқты ұл-қыздарымыз ерліктің озық үлгісін көрсетті – Тоқаев
Жаңалықтар
0