Қостанай облысында полицей қызметтік міндетін атқару кезінде көз жұмды

© Sputnik / Абзал КалиевПолицейская форма
Полицейская форма  - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Жазылу
Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Қостанай облысында полиция қызметкері жол апатынан көз жұмды. Бұл туралы ішкі істер министрі Ержан Сәденов әлеуметтік желідегі парақшасында жазды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
"Қызметтік міндетін атқару кезінде жол апатынан қаза тапқан Қостанай облысы полиция департаментінің учаскелік полиция инспекторы, полиция подполковнигі Батырсаим Зайтиновтың туыстары мен жақындарына көңіл айтамын", - деді министр.
Ержан Сәденов оның есімі әріптестерінің жадында мәңгі қалатынын атап өтті.
Ішкі істер министрлігі оның отбасына қажетті қолдауды көрсетеді.
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Астанада спорт кешенінде жаттығып жүрген полицей көз жұмды
Жаңалықтар
0