Астанада спорт кешенінде жаттығып жүрген полицей көз жұмды

© Sputnik / Владислав ВодневСЭЗ_предприятия
СЭЗ_предприятия - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.02.2025
Жазылу
Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі – миокард инфарктісі
АСТАНА, 4 ақпан – Sputnik. Астанадағы "Алатау" спорт кешенінде полицей қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Қалалық полиция департаменті ұсынған мәліметке сәйкес, ер адам жаттығудан кейін залдың шығаберісінде өзін жайсыз сезініп, есінен танып құлаған. Жедел жәрдем мамандары реанимациялық шаралар жасаған. Бірақ олар полицейдің өмірін құтқарып қала алмаған.
Медициналық қорытындыға сәйкес, өлімнің себебі – миокард инфарктісі. Қызметкердің қайтыс болу фактісі бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру басталды.
Ішкі істер министрі Ержан Сәденов мезгілсіз дүниеден өткен полицейдің отбасына көңіл айтты.

"Астана қалалсы полиция депаратменті ЖҚАЖ (Жылдам қимылдайтын арнайы жасақ – Sputnik) аға инспекторы, полиция майоры Қасымхан Мелдебековтің отбасына және жақындарына көңіл айтамын. Ол өз қызметіне адал офицер, елім деген ер болды. Оның мемлекет алдындағы қызметіне баға жетпес", - деп жазды Сәденов.

Ішкі істер министрлігі марқұмның отбасына барлық қажетті көмек көрсетеді.
Жаңалықтар
0