Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Қазақстандықтар Отан қорғаушы күнін атап өтіп жатыр

© Sputnik / Санат ИмангалиевПодготовка к Параду Победы
Подготовка к Параду Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 07.05.2025
Жазылу
1992 жылы 7 мамырда Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойылды
АСТАНА, 7 мамыр – Sputnik. Бүгін қазақстандықтар Отан қорғаушы күнін атап өтіп жатыр. Тура 33 жыл бұрын Қазақстанның Қарулы күштері құрылған болатын.

Қарулы күштер туралы не білеміз

1992 жылы 7 мамырда президент Тәуелсіз Қазақстанның Қарулы күштерін құру туралы жарлыққа қол қойды. Ал 20 жылдан кейін осы дата мемлекеттік мерекелер тізіміне енгізілді. Осылайша, 2012 жылдан бастап Отан қорғаушы күні кеңінен аталып өтеді.
Жыл сайынғы дәстүр бойынша мейрамның алдында президент мемлекеттік наградаларды, сондай-ақ жоғары әскери және арнаулы атақтарды тапсырады. Биыл да елге қорған болып жүрген азаматтарға құрмет көрсетілді.
"Қазақ – болмысынан жаужүрек халық. Батыр бабаларымыз кең-байтақ жерімізді ақ білектің күшімен, ақ найзаның ұшымен қорғады. "Ер – елдің айнасы" дейді. Шын мәнінде, халқымыздың ерлік дәстүрі атадан балаға жалғасып келеді. Қазақ сарбазы қай кезде де елін қорғай білген. Жерінің шетіне жау тисе, жұдырықтай жұмылып бір тудың астынан табылған", - деді Тоқаев.

Астанада әскери парад өтеді

Биыл Ұлы Отан соғысының аяқталғанына 80 жыл толып отыр. Осыған орай, 7 мамырда әскери парад өткізуге шешім қабылданды. Оған 4 мыңнан астам әскери қызметші, 300-ден аса қару-жарақ пен әскери техника, соның ішінде Ұлы Отан соғысы кезіндегі әскери техниканың үлгілері қатысады. Әскери парад Қазақ елі алаңында өтеді.
Ал шерудің ең әсерлі сәтін көктен тамашалауға болады. Майдандық, армиялық және әскери-көліктік авиациясының 60-тан астам әуе кемесі өнер көрсетеді.
Айта кетері, 2000 жылдан бері Қазақстанда 11 әскери парад өтті. Соның басым бөлігі Ұлы Жеңістің мерейтойлық даталарына арналды.
Астанада әскери парадқа байланысты бірнеше көше жабылады. Ал автобустардың бағдары өзгереді.

Қарулы күштер туралы не білеміз

Қазақстанның Қарулы күштерінің құрамына құрлықтағы әскер, әуе қорғанысы күштері және әскери-теңіз күштері кіреді.
Құрлық әскерлері 1993 жылы 21 сәуірде бұрынғы Орта Азия әскери округінің 40-шы жалпы әскери армиясының негізінде құрылды. Қазіргі уақытта Құрлық әскерлерінің құрамына төрт өңірлік қолбасшылық пен десанттық-шабуылдау әскерлері кіреді.
Құрлық күштерінің өңірлік қолбасшылықтары:
"Астана" өңірлік қолбасшылығы;
"Шығыс" өңірлік қолбасшылығы;
"Батыс" өңірлік қолбасшылығы;
"Оңтүстік" өңірлік қолбасшылығы.
Әскери-теңіз күштері президент жарлығымен 1993 жылғы 2 сәуірде құрылды. Ал Қарулы күштердің дербес түрі болып түпкілікті 2003 жылғы 7 мамырда қалыптасты. Әуе қорғанысы күштері 1998 жылы құрылған.

Неше күн демаламыз?

Мамыр айында қазақстандықтар үш маңызды мемлекеттік мереке бар. Олар:
1 мамыр (бейсенбі) – Қазақстан халқының бірлігі күні;
7 мамыр (сәрсенбі) – Отан қорғаушы күні;
9 мамыр (жұма) – Жеңіс күні.
Бұл күндері ресми түрде демалыс беріледі. Осы жолы мейрамдар сенбі-жексенбіге түспейді. Сондықтан бір күннен ғана демалыс болады.
Жалпы, мамыр айында бес күндік жұмыс аптасы үшін 12 демалыс (мерекелерді қоса алғанда) пен 19 жұмыс күні, ал алты күндік жұмыс аптасы үшін 8 демалыс мен 23 жұмыс күні болады.
Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік наградалар, жоғары әскери және арнаулы атақтар, сыныптық шендер тапсыру рәсіміне қатысты - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.05.2025
Отан қорғаушылар күні: Тоқаев мемлекеттік наградаларды табыстады
Жаңалықтар
0