Великая Отечественная война 1941-1945. Сталинградская битва - Sputnik Қазақстан, 1920, 10.01.2025
Жеңістің 80 жылдығы
2025 жылы Ұлы Отан соғысындағы Жеңіске 80 жыл толады. Осыған байланысты ТМД елдерінде 2025 жыл "Жеңістің 80 жылдығы және нацизмге қарсы күрестегі бірлік жылы" деп жарияланды.

Астанадағы әскери парад: 7 мамырда қай көшелер уақытша жабылады

© Sputnik / Санат ИмангалиевПодготовка к Параду Победы
Подготовка к Параду Победы - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Жазылу
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Астана әкімдігі әскери парад кезінде қай көшелер уақытша жабылатынын хабарлады.
Астанада 7 мамыр күні Отан қорғаушылар күніне және Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 80 жылдығына арналған парад өтеді.
7 мамыр, таңғы сағат 6:30-дан 8:00-ге дейін А-334 – Ақжол даңғылы – Р.Қошқарбаев даңғылы – Аманжолов көшесімен Р.Қошқарбаев даңғылының Ж.Нәжімеденов көшесіне дейін Аманжолов көшесі арқылы жеке құрам тасымалданады.
Сағат 5:00-ден 14:00-ге дейін – Қ.Қуанышбаев атындағы музыкалық-драма театрының алдындағы, Қ.Қуанышбаев көшесінің А.Байтұрсынұлы көшесінен Ж. Нәжімеденов көшесіне дейінгі тұрақ, Нұрмағанбетов көшесінің оң жағы, автобус тұрақтары жеке құрамды тасымалдау үшін
Сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін – Панфилов көшесі (Тәуелсіздік даңғылынан Нұрмағанбетов көшесіне дейін) және Нұрмағанбетов көшесі (Панфилов көшесінен Райымбек батыр көшесіне дейін) салтанатты парадтан кейін тиеуге арналған ауыр жүк тралдарына арналған тұрақ.
Қосымша, сағат 5:00-ден 13:00-ге дейін Тәуелсіздік даңғылы (Момышұлынан Панфиловқа дейін) жабылады, сондай-ақ Ақыртас, Қалдаяқов көшелерінде және Қошқарбаев даңғылында көлік қозғалысы шектеледі – техника уақытша орналастырылады.
Сонымен қатар сағат 7:00-ден 14:00-ге дейін "Astana Music Hall" автотұрағының (Құмыра) аумағында Б.Момышұлы даңғылы, 1 бойынша уақытша шектеулер енгізіледі.
Күн әскерилердің оралуымен аяқталады: сағат 12:30 – дан 14: 00 — ге дейін, техника мен автобустар Панфилов көшесі — Нұрмағанбетов көшесі — Қошқарбаев даңғылы – Ақжол даңғылы – А-334 көшесі арқылы орналасу пунктіне қайтады.
Сонымен қатар жаяу жүргіншілерге де шектеулер енгізілуі мүмкін: кейбір жаяу жүргіншілер өткелдері жабылады немесе басқа тұсқа бағытталуы мүмкін. Қала тұрғындары мен қонақтарына белгілер бойынша жүру немесе уақытша белгілерді ұстану жөнінде кеңес беріледі.
Әскери техниканың қауіпсіз жүруін қамтамасыз ету мақсатында шеру өтетін орындардағы кейбір учаскелерде бағдаршам нысандары консольдерінің жоғарғы бөлігі бұрылатын болады.
Аталған учаскелер арқылы қатынау және жол жүру іс-шаралар аяқталғаннан кейін қайта жанданады. Құқық қорғау органдары қызметкерлерінің қауіпсіздік ережелері мен нұсқауларын сақтауды сұраймыз.
Бұл күні (7 мамыр) келесі автобус маршруттарының қозғалыс сызбасы өзгереді: №№ 3, 4, 4А, 14, 15, 15А, 19, 21, 29, 29А, 30, 32, 40, 43, 47, 50, 51, 55А, 55Б, 56, 57, 58, 61, 62, 66, 84, 121, 502, 504.
Әкімдік жолаушылардан жүру бағытын алдын ала жоспарлауды және Instagram-дағы "City Transportation Systems" ресми парақшасы – @cts_kz арқылы өзекті ақпаратты қадағалауды сұрады.
Жаңалықтар
0