https://sputnik.kz/20250507/qazaqstan-eaeo-nyn-logistikalyq-khabyna-aynaluga-nietti-53290915.html
Қазақстан ЕАЭО-ның логистикалық хабына айналуға ниетті
Қазақстан ЕАЭО-ның логистикалық хабына айналуға ниетті
Sputnik Қазақстан
АСТАНА, 7 мамыр - Sputnik. Қазақстан өз географиясын ескере отырып, ЕАЭО-ның логистикалық хабына айналуға және кооперацияны дамыту орталығы болуға ниетті. Бұл... 07.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-07T19:25+0500
2025-05-07T19:25+0500
2025-05-07T19:25+0500
еаэо
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1e/18790182_0:80:2048:1232_1920x0_80_0_0_aac92c4ca797ef27240d09aafc44f74b.jpg
АСТАНА, 7 мамыр - Sputnik. Қазақстан өз географиясын ескере отырып, ЕАЭО-ның логистикалық хабына айналуға және кооперацияны дамыту орталығы болуға ниетті. Бұл туралы Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп жазады РИА Новости.Қазақстанның серіктестермен өзара саудасы ЕАЭО құрылғаннан бері 87,1%-ке өсті (2015 жылы - $16,3 млрд, 2024 жылы - $30,5 млрд). Үшінші елдермен өсім 84,4% болды (2015 жылы – $60,2 млрд, 2024 жылы - $111 млрд).Республиканың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге экспорты 10 жылда 115,7%-ке өсті (2015 жылы - $5,1 млрд, 2024 жылы - $11 млрд).Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2015 жылғы инвестициялар көлемінен алты есе асып, $4 млрд (2015 жылы - $0,6 млрд) болды. Бұл да Қазақстанның ЕАЭО-ның ортақ нарығының бір бөлігі болып табылатындығының нәтижесі, деп атап өтті министрліктегілер.Қазақстанның жалпы ішкі өнімі оң динамика көрсетті: 2015 жылдан 2024 жылға дейін ол 56,2%-ке өсті.Сауда министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ өзін Еуразиядағы ең тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан экономикалық интеграциялық бірлестіктердің бірі ретінде танытты деп қосты.Он жыл ішінде ЕАЭО елдері сауданы дамыту, өзара іс-қимыл жасау және тауарларды, қызметтерді, капиталдар мен жұмыс күшін өткізу үшін қолайлы орта құра алды.
https://sputnik.kz/20250422/eaeo-elderi-fermerlerdi-qarzhylay-qoldau-tetigin-iske-qosady-52716474.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/1e/18790182_110:0:1930:1365_1920x0_80_0_0_d0addb81935e89c4d8163c43150be126.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
еаэо
АСТАНА, 7 мамыр - Sputnik. Қазақстан өз географиясын ескере отырып, ЕАЭО-ның логистикалық хабына айналуға және кооперацияны дамыту орталығы болуға ниетті. Бұл туралы Қазақстанның сауда және интеграция министрлігі хабарлады, деп жазады РИА Новости.
"Еліміздің географиялық жағдайы мен континенттік тұйықталуын ескере отырып, біз Қазақстанды ЕАЭО логистикалық хабы ретінде көреміз. Ол үшін "Шығыс - Батыс", "Солтүстік – Оңтүстік" бағыттарында көлік инфрақұрылымын, сондай-ақ Транскаспий халықаралық көлік бағытын дамыту бойынша жұмыстар белсенді жүргізілуде", - деп хабарлады министрлік.
Қазақстанның серіктестермен өзара саудасы ЕАЭО құрылғаннан бері 87,1%-ке өсті (2015 жылы - $16,3 млрд, 2024 жылы - $30,5 млрд). Үшінші елдермен өсім 84,4% болды (2015 жылы – $60,2 млрд, 2024 жылы - $111 млрд).
Республиканың ЕАЭО-ға мүше мемлекеттерге экспорты 10 жылда 115,7%-ке өсті (2015 жылы - $5,1 млрд, 2024 жылы - $11 млрд).
Былтырғы жылдың қорытындысы бойынша ЕАЭО елдерінен Қазақстанға тікелей шетелдік инвестициялардың жалпы ағыны 2015 жылғы инвестициялар көлемінен алты есе асып, $4 млрд (2015 жылы - $0,6 млрд) болды. Бұл да Қазақстанның ЕАЭО-ның ортақ нарығының бір бөлігі болып табылатындығының нәтижесі, деп атап өтті министрліктегілер.
Қазақстанның жалпы ішкі өнімі оң динамика көрсетті: 2015 жылдан 2024 жылға дейін ол 56,2%-ке өсті.
Сауда министрлігі Еуразиялық экономикалық одақ өзін Еуразиядағы ең тұрақты және қарқынды дамып келе жатқан экономикалық интеграциялық бірлестіктердің бірі ретінде танытты деп қосты.
Он жыл ішінде ЕАЭО елдері сауданы дамыту, өзара іс-қимыл жасау және тауарларды, қызметтерді, капиталдар мен жұмыс күшін өткізу үшін қолайлы орта құра алды.