ЕАЭО елдері фермерлерді қаржылай қолдау тетігін іске қосады

© Photo : Пресс-служба ДУИС по Павлодарской областиБывший осужденный занялся разведением скота
Бывший осужденный занялся разведением скота - Sputnik Қазақстан, 1920, 22.04.2025
Жазылу
Бұл тетік ЕАЭО бюджеті есебінен қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді
АСТАНА, 22 сәуір – Sputnik. 2025 жылдың 31 қаңтарында ЕАЭО-ға мүше мемлекеттердің үкімет басшылары Еуразиялық экономикалық комиссияға тараптардың сарапшыларымен бірлесіп агроөнеркәсіптік секторға және оның инфрақұрылымына бірлескен кооперациялық жобаларды қаржылық қолдау тетігін кеңейту мәселесін пысықтауды тапсырды, деп хабарлайды еліміздің сауда министрлігі.
Экономиканың нақты секторында кооперацияны дамыту мақсатында 2024 жылы ЕАЭО шеңберінде өнеркәсіп саласындағы бірлескен кооперациялық жобаларға қаржылық жәрдемдесу тетігі қолданысқа енгізілгенін атап өту қажет.
Бұл тетік ЕАЭО бюджеті есебінен қаржы ұйымдары беретін кредиттер мен қарыздардың пайыздық мөлшерлемесін субсидиялауды көздейді.
Айта кетейік, ЕАЭО елдері мемлекеттері мен үкіметтерінің басшылары агроөнеркәсіптік кешенге қаржылай жәрдемдесу тетігін тарату қажеттігін бірнеше рет атап өткен еді.
Осылайша, ЕАЭО елдерінің ауыл шаруашылығы саласының қазіргі жай-күйін талдау негізінде және Қазақстан экономикасы үшін аграрлық азық-түлік секторының маңыздылығын ескере отырып, басым бағыттар айқындалды.
Олар:
ауыл шаруашылығы өсімдіктерінің селекциясы мен тұқым шаруашылығын дамыту;
мал шаруашылығының тұрақты дамуы;
ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу;
АӨК инфрақұрылымын дамыту.
Тұтастай алғанда, қазақстандық фермерлер үшін агроөнеркәсіптік кешенде қаржылық қолдау тетіктерін қолдану ЕАЭО елдерінің бизнесімен бірлесіп кооперацияда өз технологияларын дамытуға, жеткізудің және ресурстық қамтамасыз етудің тиімді тізбектерін құруға мүмкіндік береді.
Уборка пшеницы. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.04.2025
ЕАЭО-ның агроөнеркәсібі кейінгі бес жылда 15 пайызға жуық өсті – ЕЭК
Жаңалықтар
0