"Сол үшін Вьетнам сіздерге дән риза": То Лам қазақ халқына алғыс айтты

© Sputnik / Санат Имангалиев Токаев встретил Генсека ЦК Компартии Вьетнама То Лама
 Токаев встретил Генсека ЦК Компартии Вьетнама То Лама - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Жазылу
Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам Астанада өтетін әскери парадқа да қатысады
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам қазақ халқына алғыс айтты, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Бүгін мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстанға мемлекеттік сапармен келген мәртебелі мейманды Ақордада қарсы алды. Сол кезде То Лам вьетнам халқының алғысын жеткізді.
"Қазақстан ертеректе еліміздегі ұлт-азаттық күреске көмек көрсетті, қазіргі кезде де бізді жан-жақты қолдап келеді. Сол үшін Вьетнам халқы мен партиясы сіздерге дән риза", – деді Лам.
1982 жылы отандасымыз Жансен Кереев Вьетнам халық армиясы штабының аға кеңесшісі ретінде іссапарға жіберілген болатын. Ол Вьетнам Қарулы күштерін бірге құрысып, елдің қорғаныс қабілетін нығайтуға атсалысты. Хо Ши Миннің шешімімен Жансен Кереев Вьетнамның ең жоғары әскери наградасы – Қызыл ту орденімен марапатталды.
Айта кетері, Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Лам Астанада өтетін әскери парадқа да қатысады.
 Токаев и Генсек ЦК КП Вьетнама То Лам провели переговоры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
"Мақсат-міндеттеріміз ұқсас": Тоқаев Вьетнам басшысымен келіссөз өткізді
Жаңалықтар
0