"Мақсат-міндеттеріміз ұқсас": Тоқаев Вьетнам басшысымен келіссөз өткізді

© Photo : Акорда Токаев и Генсек ЦК КП Вьетнама То Лам провели переговоры
 Токаев и Генсек ЦК КП Вьетнама То Лам провели переговоры  - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.05.2025
Жазылу
Вьетнам мен Қазақстан аз уақыттың ішінде бірқатар ірі жобаны іске асырды
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитетінің бас хатшысы То Ламмен кеңейтілген құрамда келіссөз өткізді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан тілшісі.
Вьетнам басшысы Қазақстанға мемлекеттік сапармен келді. Тоқаев бүгін мәртебелі қонақты Ақордада қарсы алды.
"Вьетнам - Қазақстанның Азиядағы сенімді серіктесі. Елдеріміздің даму жолындағы мақсат-міндеттері де ұқсас. Вьетнамның 2040 жылға дейін экономикасы дамыған әлемдегі озық 25 мемлекеттің қатарына кіруге деген талпынысын толық қолдаймыз. Бұл ретте күш жұмылдырып, бірлесіп әрекет етуге дайынбыз", - деді Тоқаев кеңейтілген құрамда өткен кездесуде.
Президенттің айтуынша, қазіргі кезде сауда-экономикалық және инвестициялық ынтымақтастық қарқынды дамып келеді. Вьетнам мен Қазақстан аз уақыттың ішінде бірқатар ірі жобаны іске асырды.
"Алдағы уақытта да тиімді байланыстарымызды кеңейтуге толық негіз бар. Сіздің осы тарихи сапарыңыз және соның аясында қол қойылатын құжаттар қазақ-вьетнам қатынастарын одан әрі күшейтуге тың серпін береді”, - деді Тоқаев.
Ал То Лам қазақ жерінде көрсетілген сый-құрмет үшін алғыс айтып, бүгінгі келіссөздердің нәтижесі Қазақстан мен Вьетнам арасындағы қарым-қатынастың көкжиегін кеңейте түсетініне сенім білдірді.
"Сіздің Вьетнамға жасаған сапарыңыздан кейін екі жыл өткенде біздің делегацияның еліңізге арнайы келуі мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы қарқынды дамып келе жатқанын көрсетеді. Сонымен қатар өзара сенім деңгейінің жоғары екеніне айқын дәлел. Қазақстан Вьетнамның Орталық Азиядағы алғашқы стратегиялық серіктесіне айналады", – деді Вьетнам басшысы.
Айта кетері, бұған дейін Қазақстан басшысы Вьетнамға ресми сапармен барып келген. Сол кезде бірқатар маңызды құжаттарға қол қойылған болатын. Мәселен, вьетнамдық компания “Qazaq Air”-ды сатып алды. Енді, Қазақстанда әуежайды сатып алуға мүдделі.
То Лам - Sputnik Қазақстан, 1920, 30.04.2025
Жеңістің 80 жылдығы
Вьетнам Коммунистік партиясы орталық комитеті бас хатшысы Астанадағы әскери парадқа келеді
Жаңалықтар
0