https://sputnik.kz/20250506/ozenge-qulagan-atyrauda-zhasospirim-zhogalyp-ketti-53197795.html
Өзенге құлаған: Атырауда жасөспірім жоғалып кетті
Өзенге құлаған: Атырауда жасөспірім жоғалып кетті
Sputnik Қазақстан
Құтқарушылардың айтуынша, ол жүзуді білмеген және арнайы құтқару жилетін кимеген 06.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-06T08:03+0500
2025-05-06T08:03+0500
2025-05-06T08:03+0500
атырау
жасөспірім
https://sputnik.kz/img/07e8/04/1c/43966185_0:0:1280:720_1920x0_80_0_0_33b813a0b3aeb90271fef948711c8797.jpg
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Атырау облысында қайықпен жүзу кезінде Жайық өзеніне құлап кеткен жасөспірімді іздеу шаралары жалғасуда, деп хабарлады Almaty.tv.Туыстарының айтуынша, жас жігіт досымен серуендеуге шығып, қайықпен жүзуді ұйғарған. Болжам бойынша, күрт маневр кезінде ол тепе-теңдігін жоғалтып, суға түсіп кеткен. Досы көмектеспек болғанымен, қатты ағыс салдарынан жасөспірімді құтқару мүмкін болмады.Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл аумақтағы өзеннің тереңдігі бес метрге жетеді. Іздестіру жұмыстарына 39 құтқарушы, 12 суда жүзу құралы және 9 техника жұмылдырылған. Азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дарын Әнуарбектің айтуынша, жасөспірім құтқару жилетін кимеген және суда жүзуді білмеген.Жоғалған жас жігіт оқу үздігі, спорт шеберлігіне үміткер болған. Колледждің 2 курсында оқитын ол халықаралық жарыстарға қызу дайындалып жүрген.Жыл басынан бері Атырау облысында суда қаза болған 12 оқиға тіркелді.
https://sputnik.kz/20250105/semeyde-suga-batqan-koliktin-zholaushylaryn-izdeu-zhalgasyp-zhatyr--tzhm-49750419.html
атырау
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/04/1c/43966185_161:0:1121:720_1920x0_80_0_0_d81973f7b2826a039f21ea4548a37df3.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
атырау, жасөспірім
Өзенге құлаған: Атырауда жасөспірім жоғалып кетті
Құтқарушылардың айтуынша, ол жүзуді білмеген және арнайы құтқару жилетін кимеген
АСТАНА, 6 мамыр – Sputnik. Атырау облысында қайықпен жүзу кезінде Жайық өзеніне құлап кеткен жасөспірімді іздеу шаралары жалғасуда, деп хабарлады
Almaty.tv.
Туыстарының айтуынша, жас жігіт досымен серуендеуге шығып, қайықпен жүзуді ұйғарған. Болжам бойынша, күрт маневр кезінде ол тепе-теңдігін жоғалтып, суға түсіп кеткен. Досы көмектеспек болғанымен, қатты ағыс салдарынан жасөспірімді құтқару мүмкін болмады.
"Жігіттер ойын ретінде өзеннің ортасында айналуды ұйғарған болуы керек. Осы сәтте қайық бұрылғанда ол құлап түскен", - дейді жоғалған жігіттің туысы Есенжан Жолдасқали.
Төтенше жағдайлар департаментінің мәліметінше, бұл аумақтағы өзеннің тереңдігі бес метрге жетеді. Іздестіру жұмыстарына 39 құтқарушы, 12 суда жүзу құралы және 9 техника жұмылдырылған. Азаматтық қорғаныс басқармасы басшысының міндетін атқарушы Дарын Әнуарбектің айтуынша, жасөспірім құтқару жилетін кимеген және суда жүзуді білмеген.
"Бұл қайғылы оқиғаның алдын алуға болатын еді. Біз судағы қауіпсіздік ережелерін сақтаудың маңыздылығын үнемі еске салып отырамыз. Құтқарушы жилетін киіп, тек арнайы рұқсат етілген орындарда жүзу керек", - деді Әнуарбек.
Жоғалған жас жігіт оқу үздігі, спорт шеберлігіне үміткер болған. Колледждің 2 курсында оқитын ол халықаралық жарыстарға қызу дайындалып жүрген.
"Ол 1 мамыр күні біздің жаттығуымызда болды. Жастар арасындағы турнирге дайындалып, тамаша нәтиже көрсетті. Мықты, мақсатты, ақылды. Ол облыс құрамасының сапында болды. Оны өзім дайындадым", - деді бапкер Нұрсұлтан Бақытжанов.
Жыл басынан бері Атырау облысында суда қаза болған 12 оқиға тіркелді.