Семейде суға батқан көліктің жолаушыларын іздеу жалғасып жатыр – ТЖМ

© Photo : сайт МВД КазахстанаАвтомобиль упал с обрыва в реку
Автомобиль упал с обрыва в реку - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2025
Жазылу
Жарыс кезінде көлік жардан құлап кетті
АСТАНА, 5 қаңтар – Sputnik. Ертіске құлап кеткен автокөлікте болған адамдарды іздеу әлі де жалғасып жатыр, деп хабарлады Төтенше жағдайлар министрлігі.
Қайғылы оқиға Семейде 5 қаңтарда сағат таңғы 6-да болды. Автокөлік бетон қоршауға соғылып, өзенге құлады. Көлік ішінде төрт адам болған. Жолаушылардың бірі көліктен өздігімен шығып, жағаға жүзіп жеткен. Ол медициналық көмекті қажет етпеген. Кейін жолаушылардың бірінің денесі табылды.
"Оқиға туралы хабар келіп түскеннен кейін оқиға орнына ТЖМ қызметкерлері барып, іздестіру-құтқару жұмыстарын бастады. Сағат 09:00-де іздеу тобы қайтыс болған бір адамның денесін тапты", - деп хабарлады құтқарушылар.
Қазіргі уақытта құтқару операциясына 55 құтқарушы, 5 жүзу құралы, 2 ұшқышсыз ұшу аппараты, су астындағы іздеуге арналған балық аулау құралы, 10 бірлік техника жұмылдырылды.
Операцияны күшейту үшін 68303 әскери бөлімінен ҚР ТЖМ әскери қызметшілері тартылды, сондай-ақ оқиға орнына Шығыс Қазақстан облысынан құтқару бөлімшелерінің қызметкерлері келеді.
Абай облысында автокөлік өзенге құлап кетті - Sputnik Қазақстан, 1920, 05.01.2025
Салонда 4 адам болған: Абай облысында автокөлік жардан өзенге құлап кетті
Жаңалықтар
0