https://sputnik.kz/20250505/turkistan-oblysynda-tartip-saqshylary-101-zhasqa-tolgan-maydangerdi-quttyqtady-53181662.html
Түркістан облысында тәртіп сақшылары 101 жасқа толған майдангерді құттықтады
Түркістан облысында тәртіп сақшылары 101 жасқа толған майдангерді құттықтады
Sputnik Қазақстан
Майдангер Қалмен Мұратұлы соғыстан елге ІІ-ші топтағы мүгедек болып оралды 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T15:35+0500
2025-05-05T15:35+0500
2025-05-05T15:35+0500
жеңістің 80 жылдығы
полиция
түркістан облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53183237_0:101:1080:709_1920x0_80_0_0_3cfb2ae723f38054daea0489809a5b0d.jpg
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданында полиция департаменті өкілдері мен жас сақшылар ғасыр куәсі болған соғыс ардагері Қалмен Мұратұлын құттықтады, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.Кездесуге келген жас сақшыларға ардагер өзінің оқиғасын айтып, батасын берді. Жас ұрпаққа өнеге, келер ұрпаққа ұмытылмас тарих, сұрапыл соғыстағы ерлігі тарихта алтын әріппен жазылған ақсақал бүгінде 101 жаста. Өмірлік жұбайы екеуі 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85 шөбере сүйіп отыр.Генерал Мұрат Талапұлы ғасыр жасаған майдангердің деніне саулық, отбасына амандық, құт береке тілеп, сый-сыяпатын табыстады.
https://sputnik.kz/20250505/eldin-tuyn-biik-ustandar-qaragandyda-102-zhastagy-maydanger-oqushylarga-tilegin-aytty--53158689.html
түркістан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53183237_0:0:1080:810_1920x0_80_0_0_57efd9dd5f45003842800b39c1985c73.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
полиция, түркістан облысы
полиция, түркістан облысы
Түркістан облысында тәртіп сақшылары 101 жасқа толған майдангерді құттықтады
Майдангер Қалмен Мұратұлы соғыстан елге ІІ-ші топтағы мүгедек болып оралды
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Жеңістің 80 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Ордабасы ауданында полиция департаменті өкілдері мен жас сақшылар ғасыр куәсі болған соғыс ардагері Қалмен Мұратұлын құттықтады, деп хабарлайды Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.
"Қалмен Мұратұлы 1924 жылы өмірге келген. Сұрапыл соғыс даласына 8-сыныпта оқып жүрген кезінде аттанады. 1944 жылы Витебск қаласының маңында болған ұрыста қолы ауыр жараланып, госпитальға жіберіледі. Майдангер соғыстан елге ІІ-ші топтағы мүгедек болып оралды", - делінген хабарламада.
Кездесуге келген жас сақшыларға ардагер өзінің оқиғасын айтып, батасын берді. Жас ұрпаққа өнеге, келер ұрпаққа ұмытылмас тарих, сұрапыл соғыстағы ерлігі тарихта алтын әріппен жазылған ақсақал бүгінде 101 жаста. Өмірлік жұбайы екеуі 6 ұл, 2 қыз тәрбиелеп өсірген. Олардан 32 немере, 85 шөбере сүйіп отыр.
Генерал Мұрат Талапұлы ғасыр жасаған майдангердің деніне саулық, отбасына амандық, құт береке тілеп, сый-сыяпатын табыстады.