https://sputnik.kz/20250505/eldin-tuyn-biik-ustandar-qaragandyda-102-zhastagy-maydanger-oqushylarga-tilegin-aytty--53158689.html
"Елдің туын биік ұстаңдар": Қарағандыда 102 жастағы майдангер оқушыларға тілегін айтты
"Елдің туын биік ұстаңдар": Қарағандыда 102 жастағы майдангер оқушыларға тілегін айтты
Sputnik Қазақстан
"Астана" өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімінің қызметшілері мен мектеп оқушылары соғыс ардагері Сұңғат Саттығұловты құттықтады 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T12:20+0500
2025-05-05T12:20+0500
2025-05-05T12:20+0500
жеңістің 80 жылдығы
жеңіске тағзым
https://sputnik.kz/img/07e7/09/01/38125529_0:0:3101:1745_1920x0_80_0_0_8741da7abad38ff386b7d9fe37c759f5.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Жеңіс күні қарсаңында Қарағандыда мектеп оқушылары "Астана" өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп соғыс ардагері Сұңғат Саттығұловты құттықтап барды.Майдангер Сұңғат Смағұлұлы биыл 102 жасқа толды. Ол 18 жасында майданға шақырылған. Сталинград маңындағы шайқастарға қатысып, 1943 жылы жарақат алады. Емделіп шыққаннан кейін майдан шебіне қайта оралады. Жауынгер ерен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін" және "Сталинградты қорғағаны үшін" медальдарымен марапатталды. Әскери киім киген оқушылар майдангердің есігінің алдында соғыс жылдарындағы әндерді айтып сап түзеді. Олар ардагерге көрсеткен ерлігі үшін ризашылықтарын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.
https://sputnik.kz/20250505/petropavl-qalasynda-ulttyq-ulan-zhauyngerleri-sogys-ardagerine-qurmet-korsetti---53156277.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e7/09/01/38125529_372:0:3101:2047_1920x0_80_0_0_54fc7dd94bfdfc934faafefe321db479.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіске тағзым
"Елдің туын биік ұстаңдар": Қарағандыда 102 жастағы майдангер оқушыларға тілегін айтты
"Астана" өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімінің қызметшілері мен мектеп оқушылары соғыс ардагері Сұңғат Саттығұловты құттықтады
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Жеңіс күні қарсаңында Қарағандыда мектеп оқушылары "Астана" өңірлік қолбасшылығы 31775 әскери бөлімінің әскери қызметшілерімен бірлесіп соғыс ардагері Сұңғат Саттығұловты құттықтап барды.
Майдангер Сұңғат Смағұлұлы биыл 102 жасқа толды. Ол 18 жасында майданға шақырылған. Сталинград маңындағы шайқастарға қатысып, 1943 жылы жарақат алады. Емделіп шыққаннан кейін майдан шебіне қайта оралады.
Жауынгер ерен ерлігі үшін II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жауынгерлік ерлігі үшін", "Германияны жеңгені үшін" және "Сталинградты қорғағаны үшін" медальдарымен марапатталды.
"Бақытты болыңдар. Істеген жұмыстарың елеулі болсын. Аспандарың ашық болсын. Қазақстан деген елдің туын жоғары ұстаңдар", - деп тілегін білдірді ардагер.
Әскери киім киген оқушылар майдангердің есігінің алдында соғыс жылдарындағы әндерді айтып сап түзеді. Олар ардагерге көрсеткен ерлігі үшін ризашылықтарын білдіріп, зор денсаулық, ұзақ ғұмыр тіледі.