https://sputnik.kz/20250505/petropavl-qalasynda-ulttyq-ulan-zhauyngerleri-sogys-ardagerine-qurmet-korsetti---53156277.html
Петропавл қаласында ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Петропавл қаласында ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Sputnik Қазақстан
Майдангер Фёдор Щеглов Кёнигсберг қаласында ұрыста болған 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T11:00+0500
2025-05-05T11:00+0500
2025-05-05T11:00+0500
жеңістің 80 жылдығы
жеңіске тағзым
соғыс ардагері
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53156766_0:67:1280:787_1920x0_80_0_0_5ef322298c6551eaadf3513d803b4203.jpg
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Петропавлда ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагері Фёдор Щегловты құттықтады. Фёдор Щеглов Кёнигсберг қаласында ұрыста болған. Ал Палауда өткен қанды қырғында көз алдында майдангер достарынан айырылуы - көңіліне мәңгілік сызат қалдырған. Майдангердің жауынгерлік жорықтағы ерліктері елеусіз қалмады. II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған. Майданда танкист болған қария жастарға соғыс жылдарының сұрапыл тұстарын айтып берді. 98 жастағы майдангердің үйінің алдында есептік топ саптық шерумен жүріп өтті. Оларды әскери оркестр сүйемелдеді. Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскері "Жеңіске жүз күн қалғанда" акциясы аясында сарбаздардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіп келеді.
https://sputnik.kz/20250505/mangystauda-sogys-ardagerlerine-5-mln-tenge-komek-beriledi-53155273.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/05/05/53156766_72:0:1209:853_1920x0_80_0_0_3d12b7d724d340e1f0bb17c44cffbb95.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жеңіске тағзым, соғыс ардагері
жеңіске тағзым, соғыс ардагері
Петропавл қаласында ұлттық ұлан жауынгерлері соғыс ардагеріне құрмет көрсетті
Майдангер Фёдор Щеглов Кёнигсберг қаласында ұрыста болған
АСТАНА, 5 мамыр – Sputnik. Петропавлда ұлттық ұлан академиясының курсанттары мен 6637 әскери бөлімінің сарбаздары Жеңістің 80 жылдығына орай соғыс ардагері Фёдор Щегловты құттықтады.
Фёдор Щеглов Кёнигсберг қаласында ұрыста болған. Ал Палауда өткен қанды қырғында көз алдында майдангер достарынан айырылуы - көңіліне мәңгілік сызат қалдырған. Майдангердің жауынгерлік жорықтағы ерліктері елеусіз қалмады.
II дәрежелі Отан соғысы орденімен, "Жапонияны жеңгені үшін" медалімен марапатталған.
Майданда танкист болған қария жастарға соғыс жылдарының сұрапыл тұстарын айтып берді.
"Ұлттық ұланның әскери қызметшілеріне елеп-ескергендері үшін алғыс білдіремін. Аспанымыз ашық, еліміз тыныш болсын. Ең бастысы – соғыс атаулы болмасын", – деді соғыс ардагері.
98 жастағы майдангердің үйінің алдында есептік топ саптық шерумен жүріп өтті. Оларды әскери оркестр сүйемелдеді.
Айта кетейік, құқықтық тәртіп әскері "Жеңіске жүз күн қалғанда" акциясы аясында сарбаздардың қатысуымен түрлі іс-шаралар өткізіп келеді.