https://sputnik.kz/20250505/soltustik-qazaqstanda-respublikalyq-manyzy-bar-zhol-zhondelip-zhatyr-53191687.html
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жөнделіп жатыр
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жөнделіп жатыр
Sputnik Қазақстан
Жол учаскесінің жалпы ұзындығы 19,5 шақырымды құрайды 05.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-05T16:53+0500
2025-05-05T16:53+0500
2025-05-05T16:53+0500
қазавтожол
жол жөндеу
солтүстік қазақстан облысы
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52488876_0:63:1209:743_1920x0_80_0_0_d8f03907277180e2e72e33887d38e88d.jpg
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында "Жезқазған – Петропавл" автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды ҚазАвтоЖол. Өңірде Есіл ауданының Покровка ауылынан Чириковка ауылына дейінгі аралықта республикалық маңызы бар "Жезқазған – Петропавл" автожолының 876–896 шақырымындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жоба аясында суық ресайклинг әдісімен жол төсемінің негізін орнатып, екі қабатты жабын төсеу қарастырылған. Сонымен қатар, 12 су өткізгіш құбырды жөндеу, 4 автопавильон орнату және жол белгілерін орналастыру жоспарланған.
https://sputnik.kz/20250417/biyl-4596-shaqyrym-zholga-kurdeli-zhondeu-zhurgiziledi-52588784.html
солтүстік қазақстан облысы
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e9/04/0f/52488876_67:0:1142:806_1920x0_80_0_0_c29351573c2300f6d6919748128ce6a8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қазавтожол, жол жөндеу, солтүстік қазақстан облысы
қазавтожол, жол жөндеу, солтүстік қазақстан облысы
Солтүстік Қазақстанда республикалық маңызы бар жол жөнделіп жатыр
Жол учаскесінің жалпы ұзындығы 19,5 шақырымды құрайды
АСТАНА, 5 мамыр - Sputnik. Солтүстік Қазақстан облысында "Жезқазған – Петропавл" автожолының учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлайды
ҚазАвтоЖол. Өңірде Есіл ауданының Покровка ауылынан Чириковка ауылына дейінгі аралықта республикалық маңызы бар "Жезқазған – Петропавл" автожолының 876–896 шақырымындағы учаскесінде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.
"Бұл учаскенің жалпы ұзындығы 19,5 шақырымды құрайды. Жобаны уақтылы бастау үшін мердігер тарапынан қыс мезгілінде қажетті инертті материалдар алдын ала дайындалды. Қазіргі таңда ісінгіш жерлерді жою және суық ресайклинг әдісімен жол негізін салу жұмыстары басталды", - делінген хабарламада.
Жоба аясында суық ресайклинг әдісімен жол төсемінің негізін орнатып, екі қабатты жабын төсеу қарастырылған. Сонымен қатар, 12 су өткізгіш құбырды жөндеу, 4 автопавильон орнату және жол белгілерін орналастыру жоспарланған.