https://sputnik.kz/20250417/biyl-4596-shaqyrym-zholga-kurdeli-zhondeu-zhurgiziledi-52588784.html
Биыл 459,6 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Биыл 459,6 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіледі
Sputnik Қазақстан
1 мың шақырым автожол салу мен реконструкциялау бойынша 7 жаңа жоба іске қосылады 17.04.2025, Sputnik Қазақстан
2025-04-17T21:43+0500
2025-04-17T21:43+0500
2025-04-17T22:15+0500
жол
жөндеу жұмыстары
https://sputnik.kz/img/781/43/7814375_0:161:3071:1888_1920x0_80_0_0_2dd789eda56ba38997ba187337a28238.jpg
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Үкіметте автомобиль және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды, деп хабарлады ведомствоның баспасөз қызметі.Биыл жалпы қаржыландыру сомасы 781,2 млрд теңгеге 8,8 мың шақырым автожол түрлі жөндеу түрімен қамтылады. Оның ішінде 2,1 мың шақырым қайта жаңартылса, 459,6 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіліп, 6,3 мың шақырымға орташа жөндеу жасалады. Сондай-ақ биыл "Қарағанды – Жезқазған", "Ақтөбе – Ұлғайсын", "Атырау – Доссор", Қызылорда, Рудный, Сарыағаш, Петропавл қалаларының айналма жолы секілді 1 мың шақырым автожол салу мен реконструкциялау бойынша 7 жаңа жоба іске қосылады."ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшысы Дархан Иманашев автомобиль өткізу пункттерін кезең-кезеңімен қайта құру жүргізілетінін айтты. Қазақстан шекарасы бойында жұмыс істеп тұрған 52 пункттің 2030 жылға дейін 36-сы қайта жаңартылады.2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда жалпы ұзындығы 3,9 мың шақырым 20 ақылы автожол учаскесі жұмыс істеп тұр. 2025 жылғы жоспар бойынша жалпы ұзындығы 5,5 мың шақырым тағы 26 ақылы учаске іске қосылады. 2024 жылғы төлемақы алудан түскен табыс 48,4 млрд теңгені құрады.
https://sputnik.kz/20250304/biyl-13-myn-shaqyrym-zhol-zhondeledi-51332839.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/781/43/7814375_169:0:2900:2048_1920x0_80_0_0_4fd89dc0ed8f0b62ae41b7bf0c2ec175.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жол, жөндеу жұмыстары
Биыл 459,6 шақырым жолға күрделі жөндеу жүргізіледі
21:43 17.04.2025 (жаңартылды: 22:15 17.04.2025) 1 мың шақырым автожол салу мен реконструкциялау бойынша 7 жаңа жоба іске қосылады
АСТАНА, 17 сәуір – Sputnik. Үкіметте автомобиль және темір жолдарды дамыту жөніндегі инвестициялық жобалар қаралды, деп хабарлады
ведомствоның баспасөз қызметі.
Биыл жалпы қаржыландыру сомасы 781,2 млрд теңгеге 8,8 мың шақырым автожол түрлі жөндеу түрімен қамтылады. Оның ішінде 2,1 мың шақырым қайта жаңартылса, 459,6 шақырымға күрделі жөндеу жүргізіліп, 6,3 мың шақырымға орташа жөндеу жасалады.
Сондай-ақ биыл "Қарағанды – Жезқазған", "Ақтөбе – Ұлғайсын", "Атырау – Доссор", Қызылорда, Рудный, Сарыағаш, Петропавл қалаларының айналма жолы секілді 1 мың шақырым автожол салу мен реконструкциялау бойынша 7 жаңа жоба іске қосылады.
"ҚазАвтоЖол" ҰК" АҚ басшысы Дархан Иманашев автомобиль өткізу пункттерін кезең-кезеңімен қайта құру жүргізілетінін айтты. Қазақстан шекарасы бойында жұмыс істеп тұрған 52 пункттің 2030 жылға дейін 36-сы қайта жаңартылады.
"2025 жылғы жобаларға 644 млрд теңге, жаңа жобаларға 3,05 трлн теңге инвестиция салған кезде 2048 жылға қарай 6,4 трлн теңгеге дейін экономикалық нәтиже болады деген ойдамыз", — деді Иманашев.
2025 жылдың 1 сәуіріндегі жағдай бойынша Қазақстанда жалпы ұзындығы 3,9 мың шақырым 20 ақылы автожол учаскесі жұмыс істеп тұр. 2025 жылғы жоспар бойынша жалпы ұзындығы 5,5 мың шақырым тағы 26 ақылы учаске іске қосылады. 2024 жылғы төлемақы алудан түскен табыс 48,4 млрд теңгені құрады.