Жеңіл көлік жүк пойызымен соқтығысты

© Photo : Пресс-служба АО "НК "Казақстан темир жолы"Жүк пойызы
Жүк пойызы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2025
Жазылу
Зардап шеккендер жоқ
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. Жамбыл облысында жеңіл көлік жүк пойызына соқтығысты, деп хабарлады "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметі.
Оқиға бүгін, 4 мамыр күні сағат 11:25 Бурыл станциясының жеке кірме жолының жеке қиылысында, "Тараз-Жаңатас" учаскесінде болған.
"Мерседес" жеңіл көлігінің жүргізушісі темір жол өткелінен өту ережесін бұзып, жүк пойызының вагондарымен соқтығысқан", - деп жазылған хабарламада.
Зардап шеккендер жоқ.
ҚТЖ жүргізушілерді жол қозғалысы ережелерін сақтауға шақырады.
Пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Тағы бір санаттағы азаматтар үшін пойыз билетіне 50% жеңілдік енгізіледі
Жаңалықтар
0