Тағы бір санаттағы азаматтар үшін пойыз билетіне 50% жеңілдік енгізіледі

Пойыз - Sputnik Қазақстан, 1920, 19.03.2025
Жазылу
Ережелерді 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енгізу жоспарда бар
АСТАНА, 19 наурыз – Sputnik. Еліміздің көлік ведомствосы жолаушыларды теміржол көлігімен тасымалдау ережелеріне бірқатар өзгеріс енгізуді ұсынды, деп хабарлады көлік министрлігі.
Жаңартылған нормалар ерекше қажеттілігі бар азаматтар мен оларды алып жүретін тұлғаларға арналған жеңілдіктерді кеңейтуді көздейді. Атап айтқанда, I және II топтағы мүгедектігі бар азаматтарды, сондай-ақ ерекше қажеттілігі бар балаларды алып жүретін жандардың пойыздардағы жол жүру құнына 50% жеңілдік беру ұсынылып отыр.

"Сонымен қатар, енді ерекше қажеттілігі бар азаматтардан пойызға міну кезінде медициналық мекемелерден алынатын анықтамалар мен құжаттарды көрсету талап етілмейді. Көлік ведомствосы бұл рәсімді Жолаушыларды тасымалдау ережелерінің 44-тармағынан құжат тапсыру талабын алып тастау арқылы жеңілдетуді көздеп отыр. Енді қажетті ақпарат автоматты түрде арнайы деректер базасы арқылы тексеріледі", - деп жазылған хабарламада.

Аталған жаңашылдықтарды көлік министрлігіне қарасты Теміржол және су көлігі комитетінің мамандары дайындады. Қазіргі уақытта бұл өзгерістер мақұлдау сатысында тұр. Ережелерді 2025 жылдың екінші жартысында күшіне енгізу жоспарда бар.
Айта кетейік, қазіргі таңда барлық топтағы мүгедектігі бар азаматтар үшін әлеуметтік маңызы бар бағыттарда жүретін пойыздарға 50% жеңілдік қарастырылған.
Үндістаннан Қазақстанға қатынайтын алғашқы контейнерлік пойыз іске қосылды - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.03.2025
Үндістаннан Қазақстанға қатынайтын алғашқы контейнерлік пойыз іске қосылды
Жаңалықтар
0