"Дипломмен ауылға": биыл 2,8 мың жас маман тұрғын үймен қамтамасыз етіледі

© Sputnik / Айдана ДайыроваАлматы облысындағы Қошмамбет ауылы
Алматы облысындағы Қошмамбет ауылы - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.05.2025
Жазылу
Ауылға жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 25 млрд теңге қарастырылып отыр
АСТАНА, 4 мамыр – Sputnik. "Дипломмен ауылға" бағдарламасы 2025 жылы 2,8 мың жас маманды тұрғын үймен қамтамасыз етеді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.
Экономика министрлігі баспасөз қызметінің мәліметінше 2025-2027 жылдары "Дипломмен ауылға" бағдарламасы ауылдық аумақтарды білікті кадрлармен қамтамасыз етуді жалғастырады.
"AMANAT" партиясының 2003-2007 жылдарға арналған "Халықпен бірге" сайлауалды бағдарламасының Жол картасын орындау шеңберінде ауылдық жерге жіберілетін мамандарға бюджеттік кредит беруге 2025 жылы 25 млрд теңге қарастырылған", - деп жазылған хабарламада.
Ведомство бұл қаржы шамамен 2,8 мың маманды тұрғын үймен қамтамасыз етуге мүмкіндік беретінін атап өтті.
Диплом - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
"Дипломмен ауылға" бағдарламасы: 0,01 проценттік кредиттің сомасы ұлғайды
Жаңалықтар
0