"Дипломмен ауылға" бағдарламасы: 0,01 проценттік кредиттің сомасы ұлғайды

© Sputnik / Болат ШайхиновДиплом
Диплом - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.01.2024
Жазылу
Бұған дейін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында берілетін кредиттердің ең жоғары сомасы 1500 АЕК (5,5 миллион теңге) болса, биылдан бастап оның мөлшері 2000 АЕК-ке (7 миллион 384 мың теңгеге) дейін өсті
АСТАНА, 16 қаңтар – Sputnik. Биылдан бастап "Дипломмен ауылға" мемлекеттік бағдарламасы аясында берілетін жеңілдетілген кредиттің сомасы мен жәдемақының мөлшері өсті. Sputnik Қазақстан бағдарламаның негізгі шарттарын ұсынады.

"Дипломмен ауылға" кімдер бара алады

Бағдарламаға ауылдық жерлерге барған немесе бұрыннан тұрып жатқан мамандар қатыса алады. Бірақ нақты салалар белгіленген. Олар:
денсаулық сақтау;
білім беру;
әлеуметтік қамсыздандыру;
мәдениет;
спорт;
агроөнеркәсіптік кешен мамандары;
ауылдық округтер әкімдері аппараттарының мемлекеттік қызметшілері;
Аудандық әкімдіктер мен облыстық маңызы бар қалалардың әкімдіктері жыл сайын өз елді мекеніне қажетті мамандардың тізбесін жасап отырады. Осы тізім бойынша жұмысқа келген адамдарға жеңілдетілген кредиттер мен жәдемақы беріледі.

Кредиттің сомасы өсті

Бұған дейін "Дипломмен ауылға" бағдарламасы аясында берілетін кредиттердің ең жоғары сомасы 1500 АЕК (5,5 миллион теңге) болса, биылдан бастап оның мөлшері 2000 АЕК-ке (7 миллион 384 мың теңгеге) дейін өсті. Ал аудан орталығына барған мамандар 2 500 АЕК (9,2 млн теңге) кредит рәсімдей алады. Ақша тұрғын үй сатып алуға немесе салуға ғана беріледі.
Кредиттің шарттары:
мөлшерлеме 0,01%-ға тең (ЖТСМ – жылдық 0,01%-дан басталады);
мерзімі – 15 жыл;
Негізгі талапқа сәйкес, кредит алған адам ауылдық жерде өз мамандығы бойынша кем дегенде 3 жыл жұмыс істеуі керек.

Жәрдемақының көлемі қандай

Былтыр ұлттық экономика министрі "Дипломмен – ауылға" жобасына қатысушыларға берілетін көтерме жәрдемақыны ұлғайту туралы бұйрықты да шығарған. Оған сәйкес, жәрдемақыны 70-тен 100 АЕК-ке (369 200 теңгеге) дейін арттыру жоспарланған.
Ресми мәліметке сәйкес, 2009-2022 жылдар аралығында 95 мыңнан астам маман 17 млрд теңге сомасына көтерме жәрдемақы алған. 45 мыңнан астам маманға баспана сатып алу үшін 142,5 млрд теңге бюджеттік кредит берілді.

Құжатты қалай тапсырады

2023 жыл 1 сәуірден бастап Отбасы банкі "Дипломмен ауылға" жобасының сенімді агенті болып бекітілді. Сондай-ақ бағдарлама толығымен цифрлық форматқа ауыстырылды. Осыған байланысты барлық өтінім otbasybank.kz жылжымайтын мүлік порталында онлайн режимде қабылданады.
"Дипломмен ауылға" жобасына қатысуға өтінім беру үшін алыдмен otbasybank.kz порталында тіркелу керек. Одан кейін электронды-цифрлық қолтаңбамен өтінімге қол қою қажет.
Жәрдемақы мен бюджеттік кредитке де өтінішті де бір мезгілде банк порталы арқылы беруге болады.
Жаңалықтар
0