https://sputnik.kz/20250503/zhalaqy-koteru-ipotekalyq-bagdarlama-su-salasy-mamandaryn-qoldau-sharalary-azirlendi--53133460.html
Жалақы көтеру, ипотекалық бағдарлама: су саласы мамандарын қолдау шаралары әзірленді
Жалақы көтеру, ипотекалық бағдарлама: су саласы мамандарын қолдау шаралары әзірленді
Sputnik Қазақстан
"Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізілсе, су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі 03.05.2025, Sputnik Қазақстан
2025-05-03T18:37+0500
2025-05-03T18:37+0500
2025-05-03T18:37+0500
жалақы
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44463100_0:62:1059:658_1920x0_80_0_0_00318fd8055e0cd77384f0e001ff0e76.jpg
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласында жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін бірқатар іс-шаралар әзірледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.Атап айтқанда, министрлік "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл өзгерістер су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын электр және жылу саласында істейтін мамандардың жалақысымен теңестіруге бағытталған.Қазіргі уақытта заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді. Түзетулер қабылданған жағдайда, ол 2025 жылдың екінші жартысында су саласы қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Бұл салада кадр тапшылығын азайтып, білікті мамандарды тартуға көмектеседі.Мемлекет басшысы жариялаған "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында су ресурстары және ирригация министрлігі салалық жоспар әзірледі. Онда жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіби стандарттарды дайындау және мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары қамтылған. Мұндай іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.Қытай, Франция, Израиль, Нидерланд және АҚШ сияқты елдермен қазақстандық кадрларды қайта даярлау бойынша келісімдер жасалды. Қазірдің өзінде ондаған маман шетелде оқып келді. Бұл ретте барлық шығынды қабылдаушы тараптар өтеді.Сондай-ақ "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында "Отбасы банк" су шаруашылығы саласы мамандарына жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін ипотекалық бағдарламаны іске қосты."Дипломмен ауылға" бағдарламасына "Гидротехник-инженер", "Су ресурстары және су пайдалану", "Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау" мамандықтары қосылды. Ауылға қоныс аударған су мамандарына берілетін бюджеттік несие көлемі 7,8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.Сонымен бірге "ҚР Мемлекеттік наградалар туралы" заңына толықтырулар енгізілді. Су шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға "Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері" атағы беріледі.
https://sputnik.kz/20231123/elimizde-su-salasy-qyzmetkerlerinin-zhalaqysy-osedi-40360383.html
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2025
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e8/05/15/44463100_50:0:1010:720_1920x0_80_0_0_8abbc59c1841657624ee78f0607f578c.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
жалақы
Жалақы көтеру, ипотекалық бағдарлама: су саласы мамандарын қолдау шаралары әзірленді
"Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізілсе, су саласы қызметкерлерінің жалақысы 50%-ға дейін өседі
АСТАНА, 3 мамыр – Sputnik. Су ресурстары және ирригация министрлігі су саласында жұмыс істейтін мамандарға әлеуметтік қолдау көрсету үшін бірқатар іс-шаралар әзірледі, деп хабарлайды министрліктің баспасөз қызметі.
Атап айтқанда, министрлік "Табиғи монополиялар туралы" заңға өзгерістер енгізуді ұсынды. Бұл өзгерістер су саласы қызметкерлерінің еңбекақысын электр және жылу саласында істейтін мамандардың жалақысымен теңестіруге бағытталған.
Қазіргі уақытта заң жобасы сенаттың қарауына жіберілді. Түзетулер қабылданған жағдайда, ол 2025 жылдың екінші жартысында су саласы қызметкерлерінің жалақысын 50%-ға дейін өсіруге мүмкіндік береді. Бұл салада кадр тапшылығын азайтып, білікті мамандарды тартуға көмектеседі.
Мемлекет басшысы жариялаған "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында су ресурстары және ирригация министрлігі салалық жоспар әзірледі. Онда жаңа жұмыс орындарын ашу, кәсіби стандарттарды дайындау және мамандардың біліктілігін арттыру жұмыстары қамтылған. Мұндай іс-шараларды жыл сайын өткізу жоспарланып отыр.
Қытай, Франция, Израиль, Нидерланд және АҚШ сияқты елдермен қазақстандық кадрларды қайта даярлау бойынша келісімдер жасалды. Қазірдің өзінде ондаған маман шетелде оқып келді. Бұл ретте барлық шығынды қабылдаушы тараптар өтеді.
Сондай-ақ "Жұмысшы мамандықтар жылы" аясында "Отбасы банк" су шаруашылығы саласы мамандарына жеңілдетілген шарттармен тұрғын үй сатып алуға мүмкіндік беретін ипотекалық бағдарламаны іске қосты.
"Дипломмен ауылға" бағдарламасына "Гидротехник-инженер", "Су ресурстары және су пайдалану", "Мелиорация, рекультивация және жерді қорғау" мамандықтары қосылды. Ауылға қоныс аударған су мамандарына берілетін бюджеттік несие көлемі 7,8 млн теңгеге дейін ұлғайтылды.
"Қазақстанның су шаруашылығы саласында 10 мыңға жуық адам еңбек етеді. Оларға қолайлы еңбек жағдайын жасап, лайықты жалақымен қамтамасыз ету біз үшін маңызды. Былтыр 7 мыңнан астам адамның жалақысы орта есеппен 25%-ға өсті. Су шаруашылығы мамандығының беделін арттыру үшін министрлік бұл бағыттағы жұмысты жалғастыра береді", – деді су ресурстары министрі Нұржан Нұржігітов.
Сонымен бірге "ҚР Мемлекеттік наградалар туралы" заңына толықтырулар енгізілді. Су шаруашылығы саласының дамуына елеулі үлес қосқан мамандарға "Қазақстанның су шаруашылығы саласының еңбек сіңірген қайраткері" атағы беріледі.